Арман Қарабаевтың «Сұмырай» тарихи фильміне кастинг жарияланды
«Самал жел» шығармашылық бірлестігі «Сұмырай» көркем фильміне кастинг өткізбек. Картина Қазақстанға күштеп қоныстандырылған жапондық әскери тұтқындар жайлы баяндайды.
Картина авторлары 25-30 жас аралығындағы қазақ актрисасын іздестіруде. Сондай-ақ, кастингке жапондықтарға ұқсайтын 25-тен 45 жасқа дейінгі азаматтар мен жігіттер шақырылады. Кино түсіріліміндегі тәжірибе маңызды емес.
«Сұмырай» фильмінің негізіне тарихи деректер арқау болған. 1945 жылы жапон әскері капитуляция актісіне қол қояды, содан кейін солардың 60 мыңы күштеп Қазақстанға қоныстандырылады. Бірнешеуі кішкентай ауылға көшіріледі, ол жақта күйеуі соғысқа кетіп, оралмаған қазақ қызы тұрады. Әйел басында жапон әскерлерін жек көреді, кейін солардың біреуіне қалай ғашық болып қалғанын аңдамай қалады.

Жапон тұтқындары бастары салбырап, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапониядағы капитуляция жайлы тыңдап тұр. Гуам, 1945 жыл. Фото: rus.azattyq.org
Түсірілімі биыл басталады. Таспаның қоюшы-режиссері әрі сценарий авторы - Арман Қарабаев.
Кастингке қатысқылары келгендер суреттерімен (бояусыз және фильтрсіз) қоса, өзі туралы мәліметті мына нөмірге жіберулері қажет: WhatsApp: 8 (707) 368 88 68.
Превью: ria.ru
.jpg)






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
17 февраля 2018, 02:12Отлично