È

«Махаббат. Үміт. Астана» қазақ-ресейлік фильміне кастинг жарияланды

«Махаббат. Үміт. Астана» қазақ-ресейлік фильміне кастинг жарияланды

«Қазақфильм» киностудиясы және ресейлік «Кино студия» компаниясы «Махаббат. Үміт. Астана» хикаясының түсірілімін бастамақ. Қазақ-ресейлік картинаны Астанада және шағын оқшауланған ғимараттарда түсіреді.

«Махаббат. Үміт. Астана» - 4 бөлімді фильм, ол «Бірінші арна» эфирінде көрсетіледі. Картина көрермендерді 60-шы жылдардағы Целиноградқа апарып, оның мемлекеттің басты қаласына айналуы туралы әңгімелейді. Хикая көрсетілімі Астана күні 6-шілдеге белгіленген.

Мелодраманы қоюды отандық режиссер Олжас Ермекбаев пен ресейлік маман Иван Глубоковқа сеніп тапсырған.

Фильмді түсірушілер екінші қатардағы және эпизодтық рөлдерге актерлар іздестіруде. Кастингке 5 пен 70 жас аралығындағы барлық ер адамдар мен әйелдер шақырылады. Қатысу үшін суретін (ірі план) және өзі туралы мәліметті casting.astana@mail.ru электрондық поштасына немесе WhatsApp 7 (926) 385-59-15 номеріне жіберу керек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресейдің біріккен киноөндірісі туралы 2017 жылдың желтоқсанында хабарланған болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Асылхан Төлепов

Актер