È

«Қазақ хандығы» хикаясының екінші маусымына кастинг жарияланды

«Қазақ хандығы» хикаясының екінші маусымына кастинг жарияланды. Қазақстан киносы

«Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ хандығы» хикаясының екінші маусымындағы рөлдерге кастинг жариялады. Мемлекетіміздің тарихы түрлі хикаяларға толы, сондықтан авторлар бірінші маусымдағы 10 бөлімге барлығын сыйғыза алмады. Тарихи хикаяның жалғасының түсірілімі жақын арада басталмақ. Жаңа эпизодтардың режиссері қайтадан Рүстем Әбдірашев болмақ. Ол отандастарымызға «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық» және «Балалық шағымның аспаны» фильмдері арқылы таныс.

Көлемді фильмнің кастингіне әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған 3-10 жас аралығындағы балалар, 18-80 жас аралығындағы ер азаматтар мен қыз-келіншектер қатыса алады. Әйелдерге қойылатын басты талап - сынамаға бояусыз, татуажсыз және жасанды кірпіксіз келуі шарт.

«Қазақ хандығы» хикаясынан көрініс

Актерларды байқау 2017 жылдың 24 шілдесінен бастап, 10 қыркүйекке дейін «Қазақфильм» киностудиясының аумағында ПЛК ғимаратында өтеді.

Еске сала кетсек, «Қазақ хандығының» алғашқы маусымы телеэкрандарға осы көктемде жол тартқан болатын. Картина көрермендерге Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихын, олардың Шайбан хан боданынан құтылу жолын баяндады. Жаңа маусымдағы оқиға Жәнібектің таққа отыруын және Хақназар ханның дүниеге келуі туралы болмақ.

Тарихи хикаяның түсірілімі биылғы жылдың күзінде басталады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 шілде 2017, 22:32

Думаю теперь надо очень хорошо подобрать состав.

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер