È

Dala Jeli алғашқы тәуелсіз питчингінің шорт-парақшасы жарияланды

Dala Jeli алғашқы тәуелсіз питчингінің шорт-парақшасы жарияланды

11 желтоқсан күні Алматыда, Chaplin Сinemas кинотеатрында Dala Jeli алғашқы тәуелсіз питчингі өтеді, питчингті Wordshop Мәскеу кино және академия мектебінің түлегі Фаина Қылышбаева құрған.

Питчингтің байқау бағдарламасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші қадам – сценарийлер мен қысқа метрлерге арналған үздік идеяларды онлайн түрде іріктеу, екіншісі – презентация, жобаларды қазылар алқасының алдында қорғау.

Питчингке қатысушыларды қабылдау аяқталды. Шорт-парақшаға Бахтияр Бәденовтің «Еркіннің жері», Назира Жұмаділдің «Махаббат ағашы», Александр Медведевтің «Аш» картинасы, Альмира Исмаилованың «Зуми» фильмі, Еркебұлан Бектұровтың «Көз жасы. Қымбат емес» таспасы енді.

Қазылар алқасының құрамында режиссерлар Әділхан Ержанов, Фархат Шәріпов, Нариман Төребаев, Ғазиз Насыров, киносыншы Кәрім Қадырбаев, Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко бар.

«Біз коммерциялық фильмнің индустриалды шарттарына сай келетін 5 сценарийді таңдап алдық. Яғни, американдық форматтағы сценарийлердің өздері бағынатын арнайы бір заңдылығы бар. Қазылар алқасы презентацияларға қарап, біздің шарттарымыз бойынша олардың қаншалықты жүзеге асырыла алатынын ескере отырып, бір жеңімпазды таңдайды», - деді Фаина Қылышбаева.

Dala Jeli мақсаты киноөндірісті дамытып, сапалы кинокартиналар шығаратын жас мамандарға қолдау білдіру болып табылады.

Питчинг барысында еліміздің алдыңғы қатарлы кинематографшыларының шеберлік сабақтары, сондай-ақ жобалар жәрмеңкесі өтеді, ол жақта қатысушылар қызығушылық танытқан қонақтарға өз идеялары жайлы толық айтып береді.

Шараға кез-келген адам қатыса алады, ол үшін алдын ала сайтта тіркелу қажет.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер