È

«Сыншылар таңдауы - 2018» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

«Сыншылар таңдауы - 2018» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

«Арман» киноорталығында төртінші «Сыншылар таңдауы» жүлдесінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Кеш жүргізушілері Карина Жұмалиева мен Нұржан Еркінұлы болды.

Жүлдеге халыққа 2017 жылы жол тартқан 13 толықметражды және 5 қысқаметражды фильмдер таласты. 13 аталым бойынша жеңімпаздарды Қазақстан киносыншылар қауымдастығының мүшелері жабық дауыс беру арқылы анықтаған.

«Әкеге қоңырау шалу» жұмысы үшін Серік Апрымов «Үздік режиссер» жүлдесін иеленді. Продюсерлер Тәңірберген Қажиев пен Ержан Ахметовтың «Оралман» картинасы драма жанрындағы «Үздік фильм» атанды, ал комедия, атыс-шабыс, экшн жанрындағы «Үздік фильм» жүлдесі продюсерлер Гүлзира Айдарбекова мен Рая Адығанованың «Арман» картинасына бұйырды.

«Әкеге қоңырау шалу» фильмінен көрініс

«Арман» таспасындағы ойыны үшін Жұлдыз Айдарбекова «Үздік әйел рөлі» аталымын иеленсе, Дулыға Ақмолда «Оралман» драмасындағы рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі» жүлдесіне ие болды. Ал «Екінші қатардағы үздік ер адам рөлін» Ерболат Оспанқұлов («Әкеге қоңырау шалу») жеңіп алды. «Екінші қатардағы үздік әйел рөлі» «Келін де адам баласы» картинасындағы Данагүл Темірсұлтановаға бұйырды.

«Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы» аталымын «Оралман» фильмі үшін Рустем Одинаев жеңіп алды, ал «Үздік операторлық жұмыс» «Она» психологиялық триллерімен айналысқан Азамат Дулатовқа бұйырды. Нариман Төребаевтың «Ластанған үлкен шаһар» картинасы «Үздік сценарий» санаты бойынша жеңіске жетті.

«Оралман» фильмінен көрініс
«Оралман» фильмінен көрініс

Ninety One тобының «91» кинотаспасындағы Mooz композициясы «Үздік ән» деп танылды, ал «Фильмдегі үздік музыка» аталымын Әбілқайыр Жарасқанның «Бөлінбейтін» картинасындағы жұмысы жеңіп алды.

Шұғыла Сержанның «Самал» таспасы «Үздік қысқаметражды фильм» атанды.

Айта кету керек, «Оралман» фильмі ең көп жүлдеге (3 аталым бойынша) ие болды.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

22 наурыз 2018, 12:03

Поздравляем!

Асылхан Шакенов

14 мамыр 2018, 22:31

Шугыла!

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер