È

«Жеделсаты» фильмінің ресми постері

«Жеделсаты» фильмінің ресми постері. Қазақстан киносы

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай «Жеделсаты» фильмінің ресми постерін таныстырды. Кинотаспа тұсаукесері осы күзге жоспарланған еді, алайда әзірге белгісіз уақытқа ауыстырылды. Бұл туралы Нұртас Адамбай хабарлады.

«Аталмыш картинаның айналымымен асыққым келмейді, сондықтан нақты шығу күні әзірге белгісіз. Фильм көрермендерге ұнайды деп үміттенемін. «Жеделсатының» түсірілуіне атсалысқан барша жандарға алғыс айтамын»,-деп режиссер Instagram парақшасына жазған.

«Жеделсаты» кинотаспасы – бұл өмірге көзқарастары екі түрлі жандардың қарама-қайшылығы. Фильм кейіпкерлері – егде тартқан күзетші мен жас кәсіпкер. Түрлі дәрежелі адамдар бір жеделсатыға үш күнге қамалып қалады. Осы уақыт аралығында әрқайсысы өмірлік қағидаларының өзіндік дұрыстығын дәлелдеумен болады.

Нұртас Адамбай фильмді халықаралық кинофестивальдерге қатысуға шықырғанын айтты.

Еске сала кетсек, алдыңғы «Тараз» фильмі «Genre Celebration Film Festival» Халықаралық фестивалінде «Үздік драмалық фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» атты екі номинацияда жеңіске жеткен болатын. Сонымен қатар, драма «Еуразия көпірі» ХКФ-нің байқау бағдарламасына енген.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Жанат

10 шілде 2017, 13:04

Трое суток в лифте. Надеюсь они не ели перед этим.

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер