Олег Белялов «Алтын Емел» деректі фильмін таныстырды
Алматыда Деректі киносы күндері жалғасуда. Фестивальде көрермендерге танымал табиғат зерттеуші фотограф Олег Беляловтың «Алтын Емел» атты алғашқы режиссерлік жұмысы көрсетілді.
«Алтын Емел» деректі таспасы осы аттас Іле өзенінің жағалауында орналасқан Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағына арналған. Фильмде әдемі пейзаждар мен әсерлі көріністердің аясында табиғи қордағы флора мен фауна туралы баяндалады. Олег Беляловтің айтуынша, бұл саябақ тектен-тек таңдалмаған: бұл еш қиындықсыз жабайы жануарларды көруге болатын жалғыз орын. Сондай-ақ, режиссер мұндай картиналарды өндіру кезінде анималистикалық түсірілімді жақсы білу қажеттілігін атап өтті.

© Олег Белялов
Айта кету керек, фотограф режиссер ғана емес, қоюшы-оператор әрі сценарий авторы атанды. «Алтын Емел» фильмінің түсірілімі биыл болған.
Деректі киносы күндерінің ұйымдастырушылары - «Қазақфильм» және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін