Ольга Коротько толықметражды фильм әзірлеуде
Режиссер Ольга Коротько уақытша атауы «Пыльная дорога» толықметражды фильмін түсіруге дайындық жасауда. Болашақ фильмнің жанры психологиялық драмаға ұқсас, ондағы көтерілетін тақырып - байлар мен кедейлер арасындағы қайшылық.
Фильм бай-қуатты қыз туралы, ол туған қаласына әжесінің үйін сату үшін келеді. Бұрынғы сыныптастары оны көру үшін келеді. Кейіннен оларға тек ақша керек болғны белгілі болады. Өздері жасаған қылмысты жасыру үшін оларға ақша қажет екен. Бірақ бәрі оңай емес. Басты кейіпкер өзіндік моральдық қағидаларды ұстанады, әркімнің өз шындығы бар. Фильм барысында конфликт өршелене түсіп, соғы трагедияға ұласады. Бұл оқиғаның соңы ешкім күтпегендей аяқталады.

«Обыкновенный человек» фильмінен кадр
«Пыльная дорога» фильмінде мынандай сұрақ қойылады: «Тұрмыс сананы билей ме?» - осы сұрақ мені үнемі қызықтыратын, осы мәселені кинода қозғаймын. Сюжет бойынша фильмде бес басты кейіпкер бар. Қазір актерлерден Торри Талгат («Обыкновенный человек») бекітілді. қалған рөлдерге ұқазір катинг жүргізіп жатырмыз, актер-энтузиасттарды шақырамыз. Операторы Едіге Несіпбеков болады деп отырмыз, оның Әділхан Ержановтың фильмдеріндегі жұмысы маған қатты ұнайды», - дейді Ольга Коротько.
Түсірілім 2016-жылдың күщі мен 2017 жылдың қысына жоспарланған. Фильм бір локацияны қолдану арқылы түсіріледі, осы жерде кейіпкерлер арасында конфликт өршеленеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін