È

Ольга Коротько «Так себе зима» толықметражды фильмін түсіруде

Ольга Коротько «Так себе зима» толықметражды фильмін түсіруде

Желтоқсанда отандық режиссер Ольга Коротько «Так себе зима» фильмінің түсіріліміне кірісті. Кинематографист үшін бұл алғашқы толықметражды ойын фильмі. Картинаның түсірілетіні туралы 2016 жылы хабарланған болатын, сол кездегі уақытша атауы «Пыльная дорога» болды. Киналентаны түсіру идеясы қалай пайда болды, атау неге өзгертілді. бұл туралы сценарий авторы және режиссер Ольга Коротько әңгімелеп берді:

«Осыдан бір жыл бұрын мен жаңа сценариймен жұмыс істей бастадым, одағы оқиға жабық кеңістікте өрбиді, актерлер саны өте аз. Алдымда мынандай мақсат тұрдысюжеті мықты сценарий жазу, кино тілі тұрғчсынан қызық, бірақ жүздеген мың долларды қажет етпейтін жоба болса деп ойладым. О баста бұл жоба жазғы фильм ретінде ойластырылып, «Пыльная дорога» деп аталды, бірақ талқылай келе, фильмді қыста түсіру керек екенін түсіндік. Басқа мезгілде түсіруге келіңкіремейтін кадрларды түсіруге қыс мезгілі мүмкіндік берді. Жыл мезгілі ауысқан соң, фильмнің атауын өзгертуге де тура келді.Картинаның қазіргі атауы - «Так себе зима».

«Так себе зима» фильмі дарма элементі бар психологиялық триллер, сюжет астаналық кәсіпкердің қызы Динара жайлы. Ол өзінің балалық шағы өткен қалаға әжесінен алған үйде сату мақсатында келеді. Күтпеген жерден оған бұрынғы сыныптастары келіп, достардың кездесуінің соңы түсініксіз жағдайға ұласады. сыныптастары Динараға келіп, абайсыздан адам өлтіріп алғандарын, сол үшін оларға қомақты қаржы керек болып тұрғанын айтады.

Лентаны түсірушілердің айтуынша, бұл оқиға – кедей мен байлардың арасындағы қарама-қайшылық, біреулерде бәрі бар, ал біреулер күнін әрең көріп жүр.

Сюжет бойынша, картинада негізгі 5 персонаж бар. Фильмнің түсірілім Алматының маңында өтіп жатыр.

«Мойындау керек, кастинг ұзақ әрі күрделі болды. Негізгі кейіпкерлер – бесеу, олардың әрқайсысы әртүрді, бірақ өте мықты типаждар. Егерде оларды таңдауда біреуінен қателессек, картинаға кері әсер еткен болар еді. Оның үстіне біз актердың өз рөліне еніп кетпей-ақ, өз өзімен шынайы болғанын қаладық. Біз актерлерді де, актерлық білімі жоқ қарапайым адамдарды да сынақтан өткізіп көрдік. Нәтижесінде екі категориядағы адамдар да киноға түсетін болды», - дейді Ольга Коротько.

Фильмде Толғанай Талғат (Динараның рөлі), Жалғас Жанғазин, Таир Мағзумов, Марат, Әбішев, Нұргүлү Алпысбаева Раимжан Мұхитдинов ойнайды.

Түсірілім тобынының құрамында оператор, қатардағы продюсер Айгүл Нұрболатова және қоюшы-суретші Мәди Қайыржан бар.

«Мәди Қайыржан локацияны басынан бастап өзі жасады, бос тұрған үйдің ішін түгелдей жабдықтады. Әрбір деталь алдын ала ойластырылды. Бұл үй алтыншы персонаж болды деп сеніммен айта аламын. Айгүл Нұрбалатовамен алдыңғы жобалардан бері таныспыз. Ол мені айтқызбай түсінетін жандардың бірі, онымен бірге түсірілім алаңында жұмыс істеген маған өте ыңғайлы. Режиссердың жұмысы мен оператордың жұмысын сәтті некеге теңеп жатады. Біздің арамызда жақсы бір кинематографистік бірлестік қалыптасқан секілді», - деді режиссер.

Ольга айтып өткендей, кинолента қоғамның өткір мәселелерін қозғап жүргендер үшін өте қызық болмақ, қазіргі қоғамда кедейлер мен байлардың арасы жер мен көктей, орташа тап жоқтың қасы.

Сондай-ақ режиссер «Так себе зима» картинасының кинофестивальдарда өз орнын табатынын айтты.

Қазақстандықтар фильмді жақын арада көре алмайды. Драмы келесі жылы шығады деп жоспарланып отыр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Ольга Жидкова

19 маусым 2017, 18:47

Очень талантливый молодой режиссер.Жду с нетерпением выхода полнометражки,что бы посмотреть

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер