È

Олжас Нұрбаев Barcelona Planet Film Festival фестивалінде «Үздік режиссер» атағын жеңіп алды

Олжас Нұрбаев Barcelona Planet Film Festival фестивалінде «Үздік режиссер» атағын жеңіп алды

Қазақстандық режиссер Олжас Нұрбаев Barcelona Planet Film Festival фестиваліне қатысты. Оның «The Boon» қысқаметражды фильмі оған «Үздік режиссер» атағын алып берді.

«The Boon» - қоқыс жәшігінен кішкентай нәрестені тауып алған үйсіз-күйсіз ер адам жайлы драма. өзінің осындай табысынан кейін ол өзінің өмірін өзгертпек болады: өйткені ол енді кішкентай сәби үшін жауапты ғой.

Олжас Нұрбаев картинаның режиссеры ғана емес, сценарий авторы және және фильмнің идеясы да өзінікі. Режиссердың екінші картинасының түсірілімі 2016 жылдың күзінде Лос-Анджелесте өтті.Режиссердың айтуынша түсірілім тобында түрлі ұлт өкілдері болған: онда Қазақстаннан, Ресейден, АҚШ-тан, Швейцариядан мамандар жұмыс істеді.

The Barcelona Planet Film Festival – 2015 жылы басталған кинофестиваль, бұл әлемнің әр елінен қатысатын тәуелсіз кино алаңына айналды. Байқаудың қазылар алқасы әр ай келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік әйел-кинорежиссер», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік актриса/актер» және «Үздік саундтрек».

Естеріңізге сала кетейік, картина басқа да екі кинофестивальға қатысқан: Los Angeles Cinefest және Canada's World International Film Festival.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

9 наурыз 2017, 21:32

А на Бродвее этот фильм появиться?

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер