È

Отандық кинематографистер ордендермен, медальдармен марапатталды

Отандық кинематографистер ордендермен, медальдармен марапатталды

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен салатантты кездесуде мәдениет мен өнер саласының 100 қызметкері естелік марапаттармен марапатталды. Медальдар мен ордендерді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстады.

«Мемелкеттің еңбек сіңірген қайраткері» атағына актерлер Берік Айтжанов және Алдабек Шалбаев, режиссерлер Ермек Тұрсынов және Ардақ Әмірқұлов ие болды. Мемелкеттің, қоғамның және мәджениеттің дамыуна үлес қосқаны үшін «Парасат» орденімен актерлер Құмана Тастанбеков, Димаш Ахимова және продюсера Тасболат Мерекенов марапатталды.

«Құрмет» орденіне «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Жұбандықов және кинорежиссер Рүстем Әбдрашев ие болды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі «Қазақфильм» киностудиясының президенті, режиссер Бақыт Қаирбековке табысталды.

Қажырлы еңбегі мен халықтар достығын нығайтуға үлес қосқаны үшін «Достық» II дәрежелі орденімен ресейлік режиссера Сергей Снежкин («Так сложились звезды») марапатталды.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Қазақстан тек қана президенттің көреген саясатының арқасында ғана емес, көптеген азаматтардың мемлекет игілігі үшін атқарп жатқан еңбектерінің арқасында өркендеп келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер