È

ZHAIK Film Fest екінші фестиваліне қатысуға өтініштерді қабылдау ашық деп жарияланады

ZHAIK Film Fest екінші фестиваліне қатысуға бағытталған өтініштерді қабылдау ашық деп жарияланады

ZHAIK Film Fest қысқаметражды кинофестивалінің дирекциясы өтініштерді қабылдау маусымын ашық деп жариялады. Екінші көрсетілім 2017 жылдың 8-9 желтоқсан күндері Орал қаласында өтеді.

ZHAIK Film Fest кинофестивалі «Орал киноклубы» және «Шабыт» шығармашылық бастамасы орталығының ұйымдастыруымен, БҚО жастар саясаты мәселесі Басқармасының қолдауымен өткізіледі. Алғашқы фестиваль 2016 жылы өткен болатын, сол кезде Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының кинематографистерін жинаған еді. Үздік атауына 5 номинация бойынша 14 фильм таласқан.

Биылғы жылы байқау бағдарламасына республиканың барлық аймақтарынан келген жұмыстар қатыса алады. Қатысушылар «Гран-при», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік оператор», «Оралдың үздік фильмі» және «Көрермендер көзайымы» атты 8 номинация бойынша таныстырылады.

Еске сала кетсек, бірінші ZHAIK Film Fest-тің «Гран-при» жүлдесін режиссер Айбек Нығметтің «Privation» фильмі иеленген болатын, ал «Үздік режиссура» жүлдесі «Көму» таспасы үшін Еділ Нұрлиевке берілді.

Өтініштер 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.

Өтініштер zhaikfilmfest@gmail.com электронды мекен-жайына жолдануы тиіс.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер