È

Дәрежан Өмірбаевтың мерейтойына орай фотокөрме ашылмақ

Дәрежан Өмірбаевтың мерейтойына орай фотокөрме ашылмақ

14 наурыз күні Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қабырғасында режиссер Дәрежан Өмірбаевтың 60 жылдығына арналған фотокөрме ашылады. Шараны «Өнертану» факультетінің «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы, «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубы және «Киноман» киноклубы ұйымдастыруда.

Дәрежан Өмірбаев«жаңа қазақ толқынының» өкілі, оның үлкен кинодағы жолы «Қайрат» драмасынан басталды. Фильм қоржынында Түркмения, Швейцария мен Францияда өткен халықаралық кинофестивальдардың жүлделері бар. Содан кейін шыққан «Адам өлтіруші» фильмі Канн кинофестиваліне қатысып қана қоймай, «Ерекше көзқарас» бағдарламасының бас жүлдесін иеленген. Қоюшының «Кардиограмма» және «Студент» сынды жобалары отанымызда да, шетелде де үлкен қолдауға ие болды.

Көрме қонақтарының арасында отандық кинематографтар, сондай-ақ Дәрежан Қаражанұлының шәкірттері болады. Салтанатты ашылудан соң дөңгелек үстел өткізіледі.

Шараның басталуы сағат 15:00-де. Кіру тегін.

«Қайрат» фильмін сайтымыздан онлайн түрде көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер