È

Александр Коттың «Қысқа метр. Ойдан сценарийге дейін!» атты шеберлік сабағы болады

Александр Коттың «Қысқа метр. Ойдан сценарийге дейін!» атты шеберлік сабағы болады

«Тұран» университеті 2 қарашаға ресейлік режиссер Александр Коттың «Қысқа метр. Ойдан сценарийге дейін!» атты шеберлік сабағын ұйымдастырып жатыр. Семинар «ЖасStar» шығармашыл жастары фестивалінің аясында өтеді.

Александр Котт - кинорежиссер, сценарист, продюсер, Сергей Герасимов атындағы БМКИ (ВГИК) шеберханасының жетекшісі, Владимир Хотиненконың ойнамалы кинодағы режиссура шеберханасының түлегі. Александрдың «Екі көлік жүргізушісі кетіп барады» алғашқы толықметражды картинасы 2001 жылы түсірілген. Бірақ, режиссер «Брест қамалы» фильмінен кейін танымал бола бастайды. Таспа «Ника» және «Алтын қыран» жүлделерінен үміткер болған. Ол 2011 жылы «Шыршалар» франшизасының қоюшысы атанады. Режиссер комедиялық хикаяның екінші, үшінші, бесінші бөлімдерін түсірген. «Кинотавр - 2014» фестивалінде оның «Сынақ» драмасы «Үздік фильм» атанды, сонымен қатар операторлық жұмыс үшін жүлдеге ие болды.

Александр Котт шеберлік сағатының барысында сценарий жазу тәжірибесімен және киноөндірістің кейбір құпияларымен бөліседі.

Шетелдік режиссермен кездесу 2 қараша күні «Тұран» университетінің акт залында өтеді. Басталуы сағат: 17:00-де.

Кіру тегін.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер