È

«Қазақ аруы» сериалы шығады

 «Қазақ аруы» сериалы шығады

Жақында «Хабар» арнасында «Қазақ аруы» сериалының көрсетілімі басталады. Ұлттық сұлулық байқауын экрандау идеясы Баян Есентаеваға тиесілі, ол жобаның бас продюсері.

«Қазақ аруы» сериалы - бұл өз арманына қадам басқан жас қыздың оқиғасы. Ата-анасынан ерте айырылған қыз ағасы мен және жеңгесімен бірге тұруға мәжбүр болады. Әр күн сайын кейіпкердің жақсы өмірге деген үмітін жоғалта түседі. Бір күні ол сұлулық байқауы туралы естіп, бағын сынамақ боады. Өзінің мақсатына жету үшін неге дайын, мұны көрермендердің өзі көретін болады.

Бас кейіпкердің рөлін сомдайтын қызды бәр айдай іздеген. Нәтижесінде кейіпкерді 17 жастағы Гүлзада Тұрлаш ойнады. Сондай-ақ сериалға отандық жұлдыздар Тәуекел Мүсілім, Нұртас Адамбай, Гүлназ Жоланова, Рано Умарова, Кәмшат Жолдыбаева, Жұлдыз Өмірғали және Әнел Әрінова түсті.

«Қазақ аруы» сериалының түсірілімі

Телефильмнің түсірілімі 2016 жылдың 6 желтоқсанында басталып, 20 күнге созылды. Картинуаны түсірген режиссер Ернар Нұрғалиев («Өгей жүрек»), сериалдың екінші режиссеры Дархан Саркенов («Статья на двоих»). Қоюшы-операторы - Шерхан Тансықбаев, ал атқарушы продюсердің міндетін Ғалия Байбосынова атқарды.

Түсірушілердің айтуынша, «Қазақ аруы» сериалы жақында экранға шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер