È

«Анаға апарар жол» лентасының шығатын күні белгілі болды.

 «Дорога к матери» лентасының шығатын күні белгілі болды.

Отандық тарихи драма «Анаға апарар жол» картинасының шығатын күні белгілі болды. Сонымен 18 қыркүйекте көрермен Ақан Сатаевтың кезекті фильмін көре алады. Фильмнің өндірісімен "Қазақфильм" және Новый Мир Продакшн кинокомпаниясы да айналысты. Сценарийін Тимур Жақсылықов жазды, ал саундтрек композиторы Алим Заиров. Бас продюсер Әлия Назарбаева.

Лентада анасының арқасында бар қиындықты жеңген ер адамның тағдыры баяндалады. Фильмдегі оқиға 1930-жылдарды қамтиды. Кейіпкердің өмірі арқылы авторлар қазақ халқының басынан өткен тарихи нәубеттерді көрсетеді. Бұл 30-жылдардағы жұт, Ұлы Отан соғысы, ұжымдастыру жылдарының нәтижесі.

«Анаға апарар жол» фильмінен кадр

Көктемде фильмнің алғашқы көрсетілімі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын. Ақан Сатаевтың айтуынша, фильм патриоттық рухта шынайы болып шықты.

Түсірілімге Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Аружан Джазильбекова және басқалар қатысы. Фильмнің түсірілімі Қазақстанда, Белоруссия, Түркияда, Әзірбайжанда өтті.

«Анаға апарар жол» фильмі осы жылы Монреалдағы және Мәскеудегі халықаралық кинофестивальдарға қатысады.

 

Әйгерім Қасқыр

Тақырып бойынша:

«Анаға апарар жол» трейлері

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса