È

«Пришельцы в ауле» фильмінің тұсаукесері басқа күнге ауыстырылды

 «Пришельцы в ауле» фильмінің тұсаукесері басқа күнге ауыстырылды

«Пришельцы в ауле» фантастикалық комедиясының 1 желтоқсанда прокатқа шықпайтын болды, бұл туралы Samai Media кинокомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Тұсаукесердің уақытының ауыстырылу себебі Samai Media компаниясы мен қытай компаниясының арасында картинаны Синцзянь-Ұйғыр автономялық ауданының территориясында көрсетуге қатысты келіссөздердің жүргізілуі.

Қытай прокатшыларының шарттары бойынша, келіссөздер біткенге дейін «Пришельцы в ауле» фильмі ешбір жерде көрсетілмеуі тиіс. осыған орай картинаны өндірушілер лентаның тұсаукесерін 2016 жылдың 15 желтоқсанына ауыстырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Пришельцы в ауле» - фантастикалық фильм, бұл осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен ғалымды Жерден іздеуге келген өзгеғаламшарлықтар жайлы. Картина Қаскелеңде және Үшқоңырда түсірілді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер