«В поисках мамы» фильмінің шығатын уақыты өзгерді
«В поисках мамы» отбасылық драмасы экранға 9 ақпанда шығады. Бұған дейін «Салам, Нью-Йорк» фильмін түсіргендердің кезекті фильмі 1 қаңтарда прокатқа шығады деп жоспарланған болатын. Картинаның Қазақстан мен Қырғызстанның кинотеатрларында көрсетілетіні белгілі болды.
«В поисках мамы» фильмі Азамат атты жетім бала жайлы, ол өзінің анасын іздеуге аттанады. Кейіпкер анасын таба ала ма, алдында кездескен қиындықтарды жеңіп, шынайы достар кездестіре ме, мұны көрермендер жақында білетін болады.
Бас кейіпкердің рөлінде қырғызстандық жас актер әрі КВН ойыншысы Азамат Уланов. негзігі рөлдерді қазақатандық актер тәуекел Мүсілім мен америкалық актер Михаел Мапонго ойнады.

«В поисках мамы» фильмінің идея авторы режиссер Руслан Акун («Салам, Нью-Йорк»). Картинаны түсіруге көмегін тигізген «Биртууганчик» комедиясының сценаристері Бақыт Осмонканов және Жениш Майрамбек уулу. Картина продюсері Нұрбек Айбашов.
Фмльм қазақстанда, қырғызстандағ АҚШ-та түсірілді. «В поисках мамы» фильмін түсірушілер картинаның тартымды шыққанына, көрермендерге ұнайтынына сенімді.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін