È

Saryarka short film festival кинофестивалінің алғашқы баспасөз-конференциясы

Saryarka short film festival кинофестивалінің алғашқы баспасөз-конференциясы

Астанада Saryarka Short Film Festival алғашқы қысқаметражды кино фестивалінің баспасөз-конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының БАҚ өкілдерімен кездесуі «ҚазМедиаЦентр» ғтиаратында өтті. Олар журналистерінің сұрақтарына жауап беріп, фестиваль туралы «Астана Жастары» Жастар рксурсы орталығының директоры Ануар Нүрпеисов, қазылар алқасының төрағасы Бауыржан Нөгербек ж"не төрешілер коллегиясының мүшесі Әсия Сүлеева, Назира Мұқышева және Әубакір Сүлеев әңгімелеп берді.

Saryarka Short Film Festival фестивалінің мақсаты туралы Ануар Нүрпеисов былай деді:

«Бүгінде көптеген жас, дарынды кинематографистер түрлі фильмдер түсіріп жүр, бұған себеп - технологиялық прогресс: сапалы камера қожетімді болды. Өз басым 18 жастағы операторларды білемін, олар егде жастағы мамандардан кем түсірмейді, сондықтан бұл фестиваль жастарды ынталандырып, жастар киносын дамытуға үлес қосады. Фестивальға продюсерлер шақырылды, олар көзздеріне түскен режиссерлерді белгілеп қоюы мүмкін.

Белгілі оператор және кинотанушы Әубакір Сүлеев жастарға ылғи да қолдау білдіріп отыру керектігін айтты.

«Бізде үлкен үш оқу орны бар: Т. Жүргенов атындағым Казақ өнер академиясы, Қазақ өнер университеті және болашақ кинемотографистерді даярлайтын «Тұран» университеті. Алайда фильмдер аз түсіріледі. Ал жас мамандарға арналған байқаулар бәсекелестік тудырады, нәтижесінде отандық кинемотография дами түседі. Жастар бізден де жақсы кино түсірсе екен деген тілегіміз бар. Бірақ ол үшін оларға жақсы жағдай жасау керек», - деді Әубакір Сүлеев.

естеріңізге сала кетейік, Saryarka Short Film Festival шымылдығы 18 желтоқсанда «КазМедиаЦентрде» ашылады. Байқау бағдарламасында 23 картина көрсетіледі, байқаудан тыс бағдарламада 4 фильм көрсетіледі. Байқау Мадина Беспаеваның «Сүйінші» деректі лентасымен ашылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер