È

«Түнекте» қазақстандық хоррорының алғашқы жинағы

16-19 тамыз аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада экранға «Түнекте» отандық хорроры, «Аксель» фантастикалық американдық драмасы және Аманда Сайфред пен Мэрил Стриптің қатысуымен «Mamma Mia! 2» мюзиклі шыққан болатын. Көрермендерге қай картина ұнады, ал қайсысы назардан тыс қалды екен, оны Қазақстандағы кассалық жинаққа* арналған материалымыздан оқыңыздар.

«Мег: тереңдік құбыжығы» айналымдағы екінші аптада да үздік атанды. Картина 48 901 050 теңге жинады. Режиссерлік орынға Элай Рот отыруы мүмкін еді. Қоюшы фильмнің жас шамасына қатысты рейтингі R (+18) және 150 миллион долларлы бюджеті болуын қалады. Бірақ, продюсерлер оның талабын қажетсіз деп тауып, режиссураны Джон Тёртелтауға берді.

«Мег: тереңдік құбыжығы» фильмінен көрініс
«Мег: тереңдік құбыжығы» фильмінен көрініс

«Mamma Mia! 2» мюзиклі алғашқы демалыста 44 108 750 теңге жинады. Приквел 2008 жылы ұсынылған бірінші бөлімінің табысынан соң, экранға 10 жылдан кейін шығып отыр. Картина режиссері «Экзотикадан ең үздігі», «Мэриголд» қонақ үйі» және «Бізді бірге таныстыр» фильмдерінің сценаристі Ол Паркер болды.

«Аксель» фантастикалық таспасы 39 152 400 теңге көлемінде пайда тапты. Картина негізіне режиссер Оливер Дэйлидің «Майлз» (2015) қысқаметражды фильмі арқау болды. Толықметражды нұсқаның қоюшысы Оливер Дэйлидің өзі болды. Фильм түсірілімі 2016 жылы қыркүйекте Лос-Анджелесте өтті.

«Көрінбейтін қонақ» испан триллері айналым үздіктері бестігінде орнын сақтап тұр. Өткен демалыста фильм 13 321 600 теңге жинады. Актерлар Хосе Коронадо мен Барбара Ленни үшін бұл екінші біріккен жоба. Бұрын екеуі «Өз есебіндегі өлім» (2014) картинасына түскен болатын.

«Көрінбейтін қонақ» фильмінен көрініс
«Көрінбейтін қонақ» фильмінен көрініс

«Мені лақтырып кеткен тыңшы» комедиялық атыс-шабыс фильмі 7 189 000 теңге көлемінде пайда тапты. Фильмнің «Мені лақтырып кеткен тыңшы» («The Spy Who Dumped Me») атауы «Менің жақсы көрген тыңшы» («The Spy Who Loved Me») атты Джеймс Бонд жайлы картинаның сілтемесі болып табылады. Актрисалар Кейт МакКиннон және Мила Кунис фильмге дейін «Гриффиндер» мультхикаясының кейіпкерлерін дыбыстаған.

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» мультфильмі кассаны 6 312 407 теңгеге толтырды. Жабаға барлығы 105 мультипликатор, 17 суретші және 24 иллюстрациялаушы атсалысты. Олар 194 кейіпкер мен 74 локация жасады. Мультфильмдегі әйуежайдың шынайы прототипі бар, ол солтүстік Калифорниядағы Сан-Хоседе орналасқан.

«Мені лақтырып кеткен тыңшы» фильмінен көрініс
«Мені лақтырып кеткен тыңшы» фильмінен көрініс

«Түнекте» қазақстандық қорқынышты фильмі тұсаукесерлі демалыста 5 440 269 теңге жинады. Таспаны дебютант Данияр Ақшабаев түсірген, ол жобада сценарист, режиссер әрі бас продюсер болды. Кинокартинаның идеядан бастап, үлкен экранға шығуына 2 жылдай уақыт кетті. Фильм түсірілімі 2017 жылы күзде өткен.

«Кристофер Робин» драмасы айналымдағы үшінші аптада 3 740 393 теңге жинады. Таспадағы ересек Кристофер Робинді шотландиялық актер Юэн Макгрегор сомдады, ол көрермендерге «Мулен Руж», «Инеде» және «Жұлдыздар соғысы» приквеліндегі рөлдері арқылы таныс.

Өткен аптада жеңіліс тапқан фильмдер: «Үлкен кіші батыр» - 2 437 368 теңге және «Тірі қалған» - 2 154 556 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды

 

Барлық фильмдердің кестесін афишадан таба аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист