È

«Түнекте» қазақстандық қорқынышты фильмі айналымға шықты

«Түнекте» қазақстандық қорқынышты фильмі айналымға шықты

Айналымға «Түнекте» отандық хорроры шықты. Картинаны өздерін алғаш рет кинода сынап көрген жас ынталылар түсірді. Қоюшы-режиссері Данияр Ақшабаев болды, ол бір жарым жыл бойы сюжет желісімен айналысқан.

«Түнекте» фильмінің кейіпкерлері – демалыс күндерін тау бөктерінде өткізуді жөн санаған студенттер. Алайда, балалар демалыс үшін жайсыз орын таңдапты. Аңызға сәйкес, ол жерде адам қанын аңсаған көне зұлым өмір сүреді екен. Бірақ, жігіттер мен қыздар қара күшпен бетпе-бет жолықпағанша, бұл хикаядан сескенбеген еді.

«Бастапқыда мен қорқынышты жанрдағы квест ашуды жоспарладым (ой мен ептілікті арттыратын адамдар тобына арналған ойын – Ред.) Ақырындап идея толықметражды фильм сценарийіне ұласты. Сюжет толықтай ойдан шығарылған, кейбірі менің түстерімнен алынды. Сценарийді бір жылдан аса уақыт жаздым. Болашақта приквел түсіруіміз мүмкін, ол жақта қарғыс атқан жер мен әзәзілдің пайда болуы туралы толығырақ баяндалады», - деді Данияр Ақшабаев.

Картинаға жас актерлар Данияр Бейсов, Албан Тілеуберді, Рысқұл Қонақбаев, Шәріпов Арыстан, Жалилов Пархат, Ералина Сәбина және Әмірова Назерке түсті. Тәжірибелі мамандардан жобаға актер Максим Богомолов пен қоюшы-оператор Қазбек Әмержанов қатысты.

«Біз бұл фильммен ұзақ әрі көп айналыстық. Картинаны ылғи минустық температурада болған тауда түсірдік, ал кейіпкерлеріміз сценарий бойынша жеңіл кәжектер мен джинсылар киген еді. Түсірілім кезінде топтың әрбір мүшесі суық тигізіп ауырып үлгерді. Бірақ, бұл біздің түсірілім алаңында алған әсеріміздің жанында түк емес. Режиссер мен актерларға жаңа тәжірибе үшін, киноға түсуге берген мүмкіндік үшін алғыс айтамын», - деді жас актриса Сәбина Ералина.

Қазақстандық хоррордың түсірілімі Алматы облысында орналасқан Мемлекеттік Іле Алатау саябағында өтті. Түсірілім бір айға – 2017 жылдың қазанынан қарашаға дейін созылды.

«Түнекте» фильмінің трейлері мен постерін «Бродвейден» көруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер