È

«Түнекте» қазақстандық хоррорының жаңа трейлері пайда болды

«Түнекте» қазақстандық хоррорының жаңа трейлері пайда болды

 

 

2018 жылдың 16 тамызында отандық айналымға «Түнекте» қорқынышты фильмі шығады. Тұсаукесер алдында Желіге фильмнің жаңа трейлері жарияланды.

«Түнекте» картинасы – жас режиссер әрі сценарист Данияр Ақшабаевтың дебюті. Сюжетте белгісіз бір қарғыс атқан жер жайлы хабарлама алатын студент жайлы баяндайды. Хат жігітті қызықтыра түседі де, ол достарымен бірге сол жақта демалуды ұйғарады. Алайда, түн жамылғанда балалар тұзаққа түсіп қалғандарын түсінеді. Кейіпкерлер тұзақтан шығуға барынша тырысады, бірақ тылсым бір күш олжасынан оңай құтылмақ емес.

Таспадағы рөлдерді Данияр Бейсов, Назерке Әминова, Сәбина Ералина, Максим Богомолов, Пархат Жәлелов, Алмас Жарасқан және Рысқұл Қонақбаев сомдады.

Хоррор түсірілімі былтырғы жылдың күзінде басталған болатын. Авторлар Мемлекеттік Іле Алатау ұлттық табиғи саябағын негізгі локация ретінде таңдап алды.

Фильм өндірісімен Dream Road Pictures студиясы айналысты. Жобаның бас продюсері Данияр Ақшабаев, қосалқы продюсері - Олжас Мұхамеджанов.

Еске салсақ, биылғы жылдың ақпан айында фильмнің постері мен алғашқы трейлері ұсынылған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер