È

Dala Jeli киножобаларының алғашқы тәуелсіз питчингі Алматыда өтеді

Dala Jeli киножобаларының алғашқы тәуелсіз питчингі Алматыда өтеді

2018 жылдың 23 және 24 қыркүйек күндері Алматыда Dala Jeli киножобаларының алғашқы тәуелсіз питчингі өтеді. Шараны Wordshop Мәскеу кино және академия мектебінің түлегі, кино мен офлайн-жобалардың продюсері Фаина Қылышбаева ұйымдастырған.

Dala Jeli – өз идеяларын жүзеге асыру үшін продюсер іздеп жүрген жас кинематографшыларға арналған алаңқай. Питчингтің негізгі мақсаты – жас мамандардың байланысына арналған тәуелсіз ортаны дамыту және отандық кинематографта сапалы жұмыстар жасау.

Питчинг бағдарламасы екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – үздік идеяларды онлайн жинау және іріктеу. Екінші кезең – жобаны қазылар алқасының алдында қорғау. Байқауға қатысушыларды кинорежиссер, сценарист, Еуропа киноакадемиясының мүшесі Әділхан Ержанов, режиссер әрі сценарист Фархат Шәріпов, киносыншы Кәрім Қадырбаев, режиссер, продюсер Эльдар Шибанов бағалайтын болады.

Көрсетілімге кез-келген жанрдағы қысқа метрдің (американдық форматта, 15 беттен аспауы тиіс) және толықметражды киноның (өтініш, тритмент, кеңейтілген синопсис) сценарийлері қатыса алады.

Өтініштер dalajeli.ru ресми сайты арқылы 26 тамызға дейін қабылданады.

Dala Jeli киножобаларының алғашқы тәуелсіз питчингінің өткізілетін орны smART point алаңқайы болмақ.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер