È

«Таиландтағы демалыс» фильмінің алғашқы постері

«Таиландтағы демалыс» фильмінің алғашқы постері. Қазақстан киносы

Желіге продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «Тайландтағы демалыс» фильмінің алғашқы постері шықты. картинаның қоюшы-режиссері Ален Ниязбеков болды. Ол бұрын «Питерден келген оралман» комедиясын түсірген.

«Тайландтағы демалыс» фильмі – тропикалық елдегі қазақ студенттерінің шытырманға толы оқиғаларын баяндайтын жастар комедиясы. Кейіпкерлер қиын жағдайларға тап болып, достық пен сенімнің шынайы құндылығын түсіне бастайды. Авторлардың айтуынша, көрермендерді тылсым дүние, экшн мен комедияның араласуынан пайда болған картина күтеді.

Картинадағы негізгі кейіпкерлерді Нұрлан Қоянбаев, Дәулет Бижанов, сонымен қатар, жас актерлар Диора Романова («Арман әлемі»), Мадина мен Медина Тәліпбек («Шатырдағы бұлт») және Газрет Ержанов сомдайды.

Фильм Таиланд пен Алматыда 2016 жылы түсірілген. Режиссер Ален Ниязбековтың айтуынша, түсірілімде қиындықтар да болған. Тропикте жұмыс істеп жүрген кезде, топ дауыл мен нөсерге тап болды. Түсірілім уақыты 24 күнге созылды.

«Тайландтағы демалыс» комедиялық таспасының тұсаукесері алдағы күзде болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист