È

«Үйленгендер» хикаясы бойынша толықметражды фильм түсірілуде

«Үйленгендер» хикаясы бойынша толықметражды фильм түсірілуде

Алматыда жұмыс атауы «Гудбай, мой бай!» болып келетін комедиялық таспаның түсірілімі басталды. Фильм екі маусымы «31» арнада табысты өткен «Үйленгендер» хикаясы бойынша түсірілуде. Кинотаспа продюсерлері - Сәбит Рахымбаев және Рустам Юсупов.

«Жобамызға атсалысып жатқандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет. «Үйленгендер» хикаясы толықметражды фильмге ауысты. Таспамыздың режиссері - Анвар Матжанов, ол да бізбен бірге толық метрде дебют жасап жатыр. Ең алдымен, картинамыз көрермендерге ұнайды деп үміттенеміз. Қолымыздан жақсы фильм түсіру келіп, екінші және үшінші бөлімін де түсіреміз деп ойлаймын», - деді Сәбит Рахымбаев тәрелке сындыру барысында.

Еске салсақ, «Үйленгендер» анасы және әйелімен бірге бір пәтерде тұратын Ермек, қызының пәтерінде азаматтық некеде тұратын Вага, құмар ойындарын жақсы көретін Айбын және сүр бойдақ Тимур есімді достар жайлы баяндайды. Кейіпкерлер әр еркекке таныс келеңсіз әрі күлкілі оқиғаларға тап болады.

Авторлар фильмде хикаяға қарағанда өзгеше оқиғаның болатынын айтты және ол тек хикаяны тамашалаған кинокөрермендерге ғана емес, соның жанкүйерлеріне де қызықты болатынын атап кетті. Басты кейіпкерлерді сомдайтын Сәбит Рахымбаев, Нұрдәулет Шертім және Әзім Саидбаевтан бөлек, картинада жаңа кейіпкелер бой көрсетеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер