È

«Үйленгендер» үлкен киноға айналмақ

«Үйленгендер» үлкен киноға айналмақ

«31 арнада» екі маусымы сәтті шыққан «Үйленгендер» хикаясы енді толық метрге айналады. Жобаның сценаристері әрі басты рөлдерді сомдаушы ретінде Сәбит Рахымбаев, Әуез Әуезов, Дәуіт Шайхысламов, Әзім Саидбаев қала бермек. Ал жаңа фильмнің бас продюсерлері Бағдат Қожахметов, Сәбит Рахымбаев және Дәуіт Шайхысламов болады.

«Үйленгендердің» екінші маусымының жоғары рейтингісіне байланысты «31 арна» мен «Үлкен сегіздік» тобы толықметражды картинаның сценарийін жазуды ұйғарған, сондай-ақ фильмге қатысты барлық жұмысты өз мойындарына алған. Кинотаспа жұмысы көктемде сценарий жазумен басталып, жаздағы түсірілімге ұласады. Әзірге фильмнің режиссері кім болатыны белгісіз, өйткені қазіргі таңда қоюшылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Бізге телекөрермендер мен кинокөрермендердің айырмашылығын білу қызық. Біздің ойымызша, кинокөрермендердің 60%-ы теледидар көрмейтін сияқты. Сондықтан, толық метрде көрермендерді кейіпкерлермен жете таныстырмақпыз. Әрине, бұл хикаядағы оқиғаға қарағанда өзгешелеу болады. Сонымен қатар, бұл хикаяны көрмеген кинокөрермендерге ғана емес, хикаяны көрген көрермендерге де қызықты болмақ», - деді фильм жайлы Сәбит Рахымбаев.

«Үйленгендер» фильмінен көрініс
«Үйленгендер» фильмінен көрініс

Негізгі кейіпкерлерден бөлек, кинокартина жаңа кейіпкерлермен толығады, оны танымал отандық актерлар сомдайды. Фильм атауы өзгеруі мүмкін.

«Үйленгендердің» екі маусымдық жағымды оқиғасы бар, олардың рейтингісі өте жоғары болды, сонымен қатар комедиялық хиттерді түсіру тәжірибеміз де жеткілікті. Сондықтан, жақсы кино түсіретін шығармыз», - деп қоса кетті сценарист әрі продюсер.

«Үйленгендер» толықметражды фильмі шамамен 2018 жылдың соңында шығады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

5 наурыз 2018, 01:52

Думаю, это как раз, для тех кто еще холостяк, как напоминает зачаханную и захудалую жизнь холостяка

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса