«Үйленгендер» хикаясы екінші маусымының түсірілімі басталды
Алматыда «Үйленгендер» хикаясы екінші маусымының түсірілімі басталды. Жаңа эпизодтардың қоюшы-режиссері - Ақан Мұсақұлов. Ол бұрын «Қалалық аңыздар», «Үлкен қаладағы өмір» және «Құдалар» фильмдерін түсірген. Комедия жалғасы «31» арнаның тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр.
«Үйленгендер» хикаясы отбасылық өмірдегі және қызметтегі мәселелері бар достар туралы баяндайды. Азаматтар табандылықтарының арқасында мәселелерін оңтайлы шешеді. Кейіпкерлердің оқиғасы арқылы картинада отбасылық құндылықтар мен отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас көрсетіледі.
Авторлардың айтуынша, көрермендер күлкілі әрі қызықты хикаялардың куәсі болмақ. Хикаядағы басты кейіпкерлерді қайтадан Сәбит Рахымбаев пен Даут Шайхисламов сомдайды.

Еске сала кетсек, «Үйленгендер» хикаясы телеэкранға алғаш рет биылғы жылдың ақпан айында шыққан. Көрермендерге 20 бөлім ұсынылған. Картинаға Әзім Саидбаев, Нұрдаулет Шертім, Сәбина Саяқова және жас актрисалар Әмина имен Адина Малғаждар түскен.
Алғашқы маусымға Санжар Омаров режиссерлік еткен. Комедиялық фильм 2016 жылдың қыркүйек айында түсірілді.
«Үйленгендердің» екінші маусымының шығу күні әзірге белгісіз.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін