È

«Женатики» сериалы: Төрт достың отбасылық оқиғалары

 «Женатики» сериалы: Төрт достың отбасылық оқиғалары

27 ақпанда «31 арнада» «Женатики» комедиялық сериалы көрсетіле бастайды. Көпсериалы фильм - Сәбит Рахимбаев пен Даут Шайхисламовтың жобасы.

«Женатики» сериалының басты кейіпкерлері - өмірлерінде үлкен мәселелерге тап болған төрт дос. Мәселелерді шешуде олар небір күлкілі жағдайларға тап болады. Картинаның әзілге құрылғанына қарамастан авторлардың айтуынша, картинада отбасылық құндылық мәселесі қозғалады.

Төрт достың бірінің рөлін продюсер,сценарий авторларының бірі әрі актер Сәбит Рахимбаев ойнады, ол «Бродвейге» өз кейіпкері жайлы айтты:

«Сериалда мен Ермекті ойнаймын. Ол үйленген, бала-шағасымен бірге ата-анасының үйінде тұрады. оның анасы мен әйелі бір шаңырақтың астына сыйыспайды: әйелі басқа пәтерге бөлек шыққысы келеді. Алайда Ермек үйіндегі жалғыз ұл болғандықтан оған шешім қабылдау оңайға түспейді. Егер бөлек кетсе, ата-анасын қалай қалдырмақ».

Сондай-ақ сериалға Даут Шайхисламов, Нұрдәулет Шертім, Азим Саидбаев, Сабина Саякова, Дариға Бадыкова және басқалар қатысты.

Көрермендерге барлығы 20 серия ұсынылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер