È

«Под вечным оком Неба» Қытайда халықаралық кинобайқауға қатысты

«Под вечным оком Неба» Қытайда халықаралық кинобайқауға қатысты

18-21 тамызда Синьцзянда Мәдениет және креативті өндірісі халықаралық көрмесі аясында кинофестиваль өтті. «Под вечным оком Неба» ғылыми-танымдық лента фестивальға қатысып, «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша картина Қытай Республикасының Мәдениет министрлігінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Біздің отандық фильмімізбен бірге кинофестивальға басқа мемлекеттерден 78 фильм қатысты. Іс-шараға келген қонақтардың айтуынша, қазақстандық кинемотографистердің жұмыстары шетелдіктер арасында танымалдыққа ие болуда. Киноекадрлардың арқасында көрермендер қазақстан халқымен, мәдениетімен танысады.

«Под вечным оком Неба» фильмінен кадр

«Под вечным оком Неба» картинасын Қазақстанның мәдение, ғылыми-зерттеу институты «Мерген» студиясымен бірлесіп 2015 жылы түсріген болатын. Фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың «Уақыт ағымында» кітабының негізінде түсірілді. Киножобаның режиссеры Бақыт Кайырбеков.

Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Мәдениет департаменті директорының орынбасары Кенес Санидың айтуынша, фильм Қазақстанның мәдениетін жаңа қырынан танытты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер