È

Ұсталды және зиянсыздандырылды

Ұсталды және зиянсыздандырылды

Өткен демалыстағы рейтингті «Охотники за привидениями» картинасы бастады, кассасы 8 018 110 теңге. Аңыз франшизаны режиссер Пол Фиг («Девичник в Вегасе», «Копы в юбках») қолға алыпты, ол аңшылар туралы тарихты жаңадан бастаған.

Көшбасшылыққа ұмытылған картиналардың бірі «Ледниковый период: Столкновение неизбежно». Үшінші аптада картина - 7 194 800 теңге жинады. Әлемдік прокатта жинаған кассасы - 210 297 240 доллар.

Ал «Стартрек: Бесконечность» екінші аптада 3 121 950 теңге табыс түсірді. Көрерменді София Бутелланың гримі қызықтыра алмады, ол өзге ғарыштан келген Джейланың рөлін ойнады, актриса күніне төрт сағатын гримерлердің креслосында өткізген.

«Стартрек: Бесконечность» фильмінен кадр

«И гаснет свет» өткен демалыс күндері 2 836 420 теңге жинады. Көрермен Atomic Monster және New Line Cinema студияларынуң бірлескен келесі жобасын жоғары бағалайды деп үміттенеміз. Бірінші картина «Проклятие Аннабель».

Үздіктер бестігінің соңғы картинасы «Судная ночь 3». Тұсаукесерлік аптасында картина 2 337 570 теңге пайда әкелді.

Миллион жинаған фильмдердің бірі «Полтора шпиона» - 1 205 100 теңге. Режиссер Роусон Маршалл Тербердің бюджеті 50 миллион долларлық фильмі әлемдік прокатта 200 миллион доллар пайда тапты.

«До встречи с тобой» фильмі 1 056 050 теңге пайда әкелді, төртінші апта үшін бұл жаман көрсеткіш емес.

«Мишки Буни: Тайна цирка» фильмінен кадр

Келесі картиналар миллионға жете алмады: «Свадебный угар» - 718 100 теңге, «Мишки Буни: Тайна цирка» - 601 000 теңге және «Большой и добрый великан» - 521 400 теңге.

Прокаттан жайлап шығып бара жатқандар: «Тарзан: Легенда» 498 360 теңге табыспен, «Равные» - 365 500 теңге, «Светская жизнь» - 343 800 теңге, «Отмель» - 215 200 теңге және «Случайно беременна» - 146 300 теңге.

Бастамасы көңіл көншітпеген фильмдер: «Неоновый демон» - 305 400 теңге, «Невероятный Блинки Билл» - 274 700 теңге, «Крутые меры» - 165 600 теңге және «Йоганутые» - 163 500 теңге.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер