È

Азиз Жамбакиев «Оскар» ала ма?

Азиз Жамбакиев «Оскар» ала ма?

Непал режиссеры Мин Бахадур Бамның «Черная курица» картинасы «Шет теліндегі үздік фильм» аталымы бойынша «Оскар» жүлдесіне ұсынылды. Фильмнің қоюшы-операторы қазақстандық кинооператор Азиз Жамбакиев. Продюсер - Анна Качко.

Сюжетте непалдық екі ер баланың оқиғасы. Екі кейіпкердің екеуі екі әлем. Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы Непалдың әлеуметтік, саяси, рухани көзқарастар көрсетілген.

Азиз Жамбакиев үшін «Черная курица» - алғашқы шетелдік жоба емес. Кинооператор «Синдром Петрушки» (Ресей, Швейцария, Германия) және «Метаморфозис» (Ресей) драмаларымен жұмыс істеген. 2013 жылы Азиз Берлин кинофестивалінде Эмир Байгазиннің «Асланның сабақтары» фильміндегі операторлық жұмысы үшін «Күміс аю» жүлдесін алған болатын.

Оператордың айтуынша, түсірілім тобы Нпалдық ең мықты мамандарынан құралды, ал түсірілім экстремалды жағдайда жүрген.

«Оскар-2017» жүлдесіне ұсынылғандар алдағы жылдың 24 қаңтарында жарияланады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер