È

Желі қолданушылары «Тараз» фильмінің ақылы көрсетілуіне наразы

Желі қолданушылары «Тараз» фильмінің ақылы көрсетілуіне наразы

Нұртас Адамбайдың «Тараз» криминалдық драмасы «Бродвей» онлайн кинотеатрында жарияланды. Көру құны 300 теңге.

«Тараз» фильмі прокатқа 2016 жылдың қазан айында шыққан болатын. Қазақстан тұрғындары мен шетелде тұратын қазақстандықтар картинаның ғаламторға шығуын күтті. Лентаны түсірушілер пираттық көшірме шықпас бұрын HD форматта қолжетімді етті. Көру ақысын төлеген көрермен картинаны жоғары сапада көпі қана қоймай, ақысын төлеген соң 5 күннің ішінде картинаны жарнамасыз тамашалай алады.

Алайда ақылы көрсетілім көптеген қолданушылардың көңілінен шықпады, олар отандық кинемотограф үшін 300 теңгені қымбат деп санайды. Олардың айтуынша, 300 теңге төлегенше басқа ресурстардан тегін көрген артық. Алайда олар Желіге түсірушілердің авторлық құқығын бұзатын пираттық көшірмелер шығатынын ескере бермейді.

Осы ақшаға не сатып алуға болатынын санап көрейікші.

Бір қорап темекі 300 теңгеден асады.

Бір бөтелке сыра 200 теңге.

Сағыз - 2 данасы 110 теңге (220 тенге).

Алматыдағы қоғамдық көлік құны (ересектер) – 3 рет жүру 80 теңгеден (240 теңге).

Fuse tea 0,5 л. – 200 теңге.

«Джинн» шемішкесі 140 гр – 250 теңге.

Бұл тізімді жалғасытар беруге болады. Бірақ шындық мынау: қазіргі кездегі азық-түлік бағасы мен басқа да тауардың бағаларына қарай 300 теңгеге көзге көрінерлік ештеңе де сатып алуға келмейді. Алайда 300 теңгемен қазақстандық киноға қолдау білдіруге болады, отбасыңызбен отырып, отандық картинаны тамшалап, жақсы уақыт өткізесіз.

«Бродвей» кинопорталы қазақстандықтарға отандық киноөнімдерді барынша қолжетімді етуге тырысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер