È

«Махаббатпен» фильмінің постері

«Махаббатпен» фильмінің постері

«Махаббатпен» комедиялық фильмінің постері жарыққа шықты. Кинотаспаның сценарийі мен қойылымына Александр Гольцев жауап берді, ол өзін кинода алғаш рет сынап отыр.

Сюжетте сұлу Светаны өзіне қаратуға тырысқан Руслан баяндалады. Бірақ, жігіт оның жүрегіне табар жолдың бұрысын таңдап, қауіпті адамдармен байланысады. Русланның хикаялары немен аяқталатынын жақын арада білетін боламыз.

Картина 25 қаңтардан бастап айналымға шығады.

Режиссер Александр Гольцевтің айтуынша, «Махаббатпен» - түрлі жанрлардың қосындысы: мелодрама, драма, қылмыстық және комедия. Көрермендерге қызықты болады деп сенеміз.

Руслан мен Светаны жас актерлар Әлішер Түлтаев пен Мария Королёва сомдады. Көрермендер фильмнен ерекше образды Жандос Айбасов, Роман Альманский, Виталий Давыдов, Сергей Никоненко, Фархат Әбдірайымов және Гүлнар Сильбаев сынды актерларды көре алады.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолы кинотаспаның ресми трейлері жарыққа шыққан болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер