È

«ZOR» спорттық драмасының постері

«ZOR» спорттық драмасының постері

Dostar production кинокомпаниясы «ZOR» спорттық драмасының ресми постерін жариялады. Режиссер Шапағат Орынбаевтың фильмі жалпыұлттық айналымға 21 желтоқсан күні шығады. Картина таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.

Фильмнің басты кейіпкері – жас боксшы Айдын. Ауылдан қалаға көшіп келген жігіттің өмірі сәттілікке толы сияқты көрінеді: ол өз махаббатын жолықтырады, жаңа достар табады. Алайда, жағымсыз жаңалықтар да көп күттіре қоймайды: ерекше сенім артқан жақындары Айдынды сатып кетеді.

Драмаға Әлішер Әскербеков, Альбина Болатқызы, Айдын Жұмахан, Адина Бажан және Еркебұлан Тоқтар сынды жас актерлар түскен.

Идея авторы әрі таспаның бас продюсері - Еркебұлан Молдашев. Түсірілім тобының құрамына екінші режиссер Парасат Ибраев, қоюшы-оператор Асыл Мелдебеков және композитор Мансур Гатауов кірді.

«ZOR» Алматыда биылғы жылдың тамызынан қыркүйекке дейін түсірілген.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:59

скучный фильм. думаю, для пафоса и пиара. сойдет. но для жизни это хуже некуда.

Талгат Насихатович

29 января 2020, 16:55

Ты сначала попробуй снять сам!

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер