È

«Бақсы дуасы» триллеріне арналған постер

«Бақсы дуасы» триллеріне арналған постер

Отандық «Бақсы дуасы» триллерінің постері шықты. Картина екі кісі өлтіру қылмысын жасаған IT-маманы жайлы әңгімелейді.

«Бақсы дуасы» фильмі – Алматыға келген жас IT-маманы жайлы оқиға. Жұмыс іссапары бас кейіпкер жасаған кісі өлімімен аяқталады. Жігіт көрермендермен бірге бұл қылмысты неге жасағаны жайлы ойлана бастайды.

Басты кейіпкерді жас актер Еламан Есентаев сомдайды. Сондай-ақ фильмге Аяна Құсайынова, Әзиз Бейшеналиев, Ержан Сүлейменов, Кәрім Қадырбаев, Камила Жүсіпова және Динара Ысқақова түсті.

Түсірілім 2017 жылдың күзінде Алматы қаласында өтті. Триллер Tumarfilm кинокомпаниясымен түсірілді.

Түсірілім тобына режиссер Бақтияр Сейтқазиев, қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов, қоюшы-суретші Рустам Мейірманов, әрлеуші суретші Айжан Ордабаева және костюм бойынша суретші Анастасия Харченко кірді.

«Бақсы дуасы» фильмнің трейлері жақында «Бродвейге» шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса