«Өмірдің ғажап сәттері»
Режиссер Талгад Жаныбеков Нариман Түребаевпен бірге «Прелести жизни» толық метрін түсірді. Продюсері әрі қоюшы-операторы режиссердің өзі, дыбысталуымен жұмыс істеген Илья Коробейников. Атқарушы продюсер – Наталья Юдина, қоюшы-суретші - Мунир Ахмеджанов.
«Прелести жизни» мегаполисте жалғыз тұратын ер адам туралы. Соңы аянышты: кейіпкер қайтыс болады. Басты рөлде Нариман Түребаев, режиссердің айтуынша оның мінезі кейіпкердің мінезіне қатты ұқсайды.
_gynh.jpg)
«Фильмнің идеясы 2011 жылы туды. Алайда сценарий кейінге қалдырылды. Тек 2008 жылы мен оны Висбаденге Германияға жіберген болатынмын. Онда мені жобаны қорғауым үшін шақырды, бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты сапарым кейінге шегерілді. Одан кейін «Джокер» және «Феникс» жобалары жүзеге асты. «Фениксті» қаржыландыру тоқтатылған кезде Нариман екеуміз ұмытылып қалған сценарийге қайта оралып, аяғына жеткізуді ұйғардық», - дейді Талгад Жаныбеков.
«Өкінішке орай, авторлық кино аса жақсы қабылдана бермейді. Біз байқауларға қатысуға тырысамыз. Қазір қаржылық қиындықтар болып тұр. Фестивальға қатысу үшін де біраз қаржың болуы керек.», - дейді режиссер.
Әзірге авторлар кинофестивальдарға тегін қатысу туралы ұсыныстарды күтіп отыр.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін