È

«Гламур для дур» фильмінің тұсаукесері

 «Гламур для дур» фильмінің тұсаукесері

Экранға Асқар Ұзабаевтың «Гламур для дур» атты толықметражды фильмі шығады. Комедия жанрында түсірілген картина 567 cinema кинокомапнаиясының өнімі.

«Біз көрерменге 567 cinema кинокомпаниясының алғашқы дебюттық фильмін ұсынғанымызға қуаныштымын. Фильмнің атауын өзім ойлап таптым. Атаудың есте қаларлықтай болғанын қаладым. Біз коммерциялық кино түсірдік, сондықтан атауы да соған лайық болғаны жөн. Бюджетін әлі нақты айту қиын, өйткені жарнамалық жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ бюджетінің шағын екенін айта аламын. Техникасы мен бюазасына аса шығынданған жоқпыз - бәрі өзімізден», - дейді Асқар Ұзабаев.

Басты рөлде Кеш You тобының әншәсә Ақбота-Нұр Сейтмағамбет кинода ойнаудың оңай емес екенін айтты.

«Сахнада тұрғанда біз, әртістер өзімізді жақсы қырымыздан көрсетуге, бізде бәрі жақсы екенін паш етуге тырысамыз. Сахнада эмоциямыз бен уайымымызды жасырып, бақыттың бетпердесін киіп аламыз деуге де болады. Кино әлемі мұндай жасандылықты көтере алмайды. Мұнда өзіңді ашып көрсетуің керек, шынайы эмоцияларың байқалғаны дұрыс. Менің кейпкерім Ұлжан 90% өзіме ұқсайды. ол да мен секілді тік, ерке, бірақ мейірімді, аяушылық сезімі бар, кешіре біледі», -дейді Ақбота.

Ржиссердың айтуынша, үлкен кастинг өткізілген. Ақбота басты рөлге бірден бекітілген жоқ, бірақ оның табандылығының, өзімен өзі жұмыс істей алатындығының арқасында Ұзабаев оған басты рөлді ұсынды.

«Меніңше, Кеш You тобының барлық қыздары менің фильмдеріме түскен, олар тәп-тәуір актрисалар. Баян Есентаева көп қыздың арасынан ең дарындыларын таңдай біледі. Ақбота өзіне берілген тапсырманы 100 пайыз орындай алды деп ойлаймын», -дейді режиссер.

Актриса Әсел Ақбарова да «Гламур для дур» комедиясында дебют жасады. белгілі тележүргізушіні түсірілім аяқталғаннан кейін бірден «Всё из-за мужиков» фильмінің түсіріліміне шақырды.

Режиссер Асқар Ұзабаев

Фильмнің саундтрегі Ninety One тобының орфндауындағы «Қалай қарайсың» және «Айыптама» әндері.

«Гламур для дур» 1 желтоқсаннан бастап прокатқа шықты. өзіңізге ыңғайлы кинотеатрды және көрсетілім уақытын «Бродвей» афишасынан таңдай аласыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер