È

Айгүл Ақсамбиеваның «Саз-махаббат» фильмінің тұсаукесері

Айгүл Ақсамбиеваның «Саз-махаббат» фильмінің тұсаукесері. Қазақстан киносы

Алматыда Айгүл Ақсамбиеваның «Саз-махаббат» фильмінің тұсаукесері болып өтті. Кішігірім махаббат драмасының басты кейіпкерлерін актер Әзиз Бейшеналиев пен Ademi лақап атымен танымал әнші Динара Қайырова сомдады. Динара үшін бұл жоба кинодағы дебюті болды.

«Мен Айгүлдің жобаларына әнші ретінде бірнеше рет қатысып жүріп, өзімді кинода сынап көргім келетінін, басқа адамның рөлін сомдауды жөн көретінімді айтқанмын. Мен қалыптасқан қағидаларды бұзып, шынайы өмірде бара бермейтін әрекеттерді кинода жасағым келді. Айгүл бір күні маған осы картинаның сценарийін беріп, түсірілімге дайындалып жүргенін айтты. Сценарийді оқып, көзіме жас алдым. Маған ұнағаны, басты кейіпкердің жеңілтектігіне қарамастан, ақыр соңында ойланып, дұрыс шешім қабылдағаны болды. Көпшілігі өздерінің қағидаларынан аттап кете алмай жатады, ал басты кейіпкердің қолынан бұл келді. Мен режиссер мен түсірілім тобының үмітін ақтадым деп ойлаймын»,-деді Динара Қайырова.

«Саз-махаббат» фильмі – 90-жылдардағы қайта құру кезеңінде өмір сүрген ерлі зайыптылар, мүсінші мен әншінің оқиғасы. Сол уақыттағы экономикалық әрі мәдени дағдарыс бұл отбасыға да әсер етпей қоймады. Әнші әйел өзін-өзі жұбату мақсатында басқа еркекпен көңіл қосады. Сүйікті адамның сатқындығы, мәдени әрі рухани тоқырау – осының барлығы мүсінші Болаттың иегіне жүк болып артылды. Болатқа әйелімен бірге махаббат пен намыстың бірін таңдауға тура келеді.

Режиссердің айтуынша, фильм негізіне Римма Филлипованың «Утро вечера мудренее» әңгімесі арқау болған.

«Мен Айгүл Ақсамбиеваны бұрыннан бері танимын. Ол маған жаңа картинасына түсуді ұсынған кезде, бірден қуана келісе кеттім. Динара Қайыровамен жұмыс істеу өте ыңғайлы болды. Ол кәсіби актриса болмаса да, көрермендермен жұмыс істей білетін шығармашылық адамы ғой. Менің ойымша, осы қасиеті оған түсірілім барысында көп көмектесті. Басты кейіпкердің хикаясы менің басымнан өткен емес. Сондықтан, режиссердің айтқанын тыңдап, ұшқыр қиялымды дамытуға тура келді. Бұл әрекетімнің ойдағыдай болған-болмағанын көрермендер шешеді»,-деді Әзиз Бейшеналиев.

Айгүл Ақсамбиеваның өзі «Саз-махаббат» фильмін алдағы уақытта түсірілетін дебютті толықметражды картинаға дайындығы іспетті екендігін алға тартып отыр. Болашақ туындының не жайында болатыны әзірге құпия ұсталуда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер