È

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің тұсаукесері

Нияз Әбдіғапар «Мұрагерлікке қалған махаббат» дебютті фильмінің тұсауын кесті

Cinemax Dostyk Plaza кинотеатрында «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің тұсаукесері өтті. Картина Нияз Әбдіғапардың режиссерлік және танымал вайнер Нұрлан Батыровтың актерлік дебюті болды. Фильмнің алғашқы көрермендері отандық шоу-бизнес жұлдыздары мен БАҚ өкілдері болды.

Нияз Әбдіғапар бірнеше жыл бойы киноға түсіп келді. Ол «Кек», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» және «Шекара бекеті» фильмдерінде ойнаған. Бірақ, белгілі болғандай, актер өзін режиссура бағытында сынап көруді армандаған. Оның алғашқы үлкен режиссерлік жобасы «Алимент төлеушілер LIVE» хикаясы болған және содан кейін толық метр түсірді.

«Мұрагерлікке қалған махаббат» жобасы аяқ астынан дүниеге келді. Кино түсіруді Мұрат Бисенбин ұсынды. Мен бұл идеяға қатты қызықтым да, тағдырдың қалауымен қаржы жағынан қолдайтын досымды жолықтырдым. Фильм сценарийін Нұрди Лесбек жазды. Нәтижесінде, тек комедия емес, комедия элементтері бар драма болып шықты. Дегенмен, оқиға бізге жеңіл көрінді әрі бюджетімізге сай келді. Фильмде ата-аналар мен балалардың, ағайындылардың қарым-қатынастары, сатқындық пен махаббат баяндалады. Сценарийді Бисенбин мен Батыровқа жібердім де, «Сіздерге қалай?» деп сұрадым. Олар ұнағанын білдірді. Аталмыш картинада екеуі көрерменге жаттанды болып қалған образды емес, өзгеше кейіпкерлерді сомдайды»,-дейді Нияз Әбдіғапар.

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмі - ағайынды екі жігіт: салмақты Арман мен шытырман оқиғаларды жақсы көретін Арсеннің хикаясы. Екеуі де бойдақ болып жүреді. Бірақ, көп ұзамай бойдақтықпен қош айтысуға тура келеді. Әкелері «не үйленесіңдер, немесе мұрасыз қаласыңдар» деп шарт қояды.

«Мені Арман рөліне ешқандай кастингсіз Нияз Әбдіғапардың өзі бекітті. Ол мені жаңа образда көргісі келді. Елдің барлығы мені әзілкеш, көңілді адам ретінде көріп үйреніп қалған болса, фильмде мен өз пайдасын ғана ойлайтын мансапкерді ойнаймын. Дегенмен, оның бойындағы шынайы сезімдер әлі де сөне қоймапты. Фильмде экшн-көріністер бар, мен соларды қатты уайымдап жүрмін. Көрерменнің бағасын асыға күтеміз. Мен үшін бұл үлкен кинодағы дебютім. Мұның алдында эпизодтар мен телевизиялық жобаларға түскен едім. Сондықтан, камера алдында қорқыныш болған жоқ. Түсірілім қызықты әрі жеңіл өтті»,-дейді кейіпкері туралы Нұрлан Батыров.

Түсірілім тобы бір аптаның ішінде жиналды. Ер адамдардың рөлдері алдын ала бекітіліп қойған болса, әйелдер рөлін сомдайтын актрисаларды ұзақ іздеген. Нәтижесінде, таңдау джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбай мен әнші Альбина Оганесянға түсті.

Фильм 2016 жылы Астанада күз мезгілінде түсірілді. Таспа өндірісімен Enterprise production компаниясы айналысты.

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмі айналымға шығып үлгерді. Өздеріңізге ыңғайлы уақытты кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

Превью: Mazhor.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер