È

«Бақсы дуасы» фильмінің саундтрегіне арналған бейнебаянның тұсаукесері

«Бақсы дуасы» фильмінің саундтрегіне арналған бейнебаянның тұсаукесері

Tumar film кинокомпаниясы «Бақсы дуасы» фильмінің саундтрегіне арналған бейнебаянды жарыққа шығарды. Таспаның басты туындысы - «Life goes on» әні, оны Парвиз Назаров пен Аяна Құсайынова орындады.

Бейнебаян түсірілімі былтырғы жылдың желтоқсанында Алматыда өткен. Түсірілімге виолончельші Айша Исатаева және гитарашы Бауыржан Әшіғалиев қатысты. Әні мен сөзінің авторы Парвиз Назаров болды.

«Бақсы дуасы» - тұсауы биылғы жылдың 10 мамырында кесілетін отандық триллер. Сюжет бойынша Гиз есімді жігіт арбауға түсіп қалып, екі адамды өлтіреді. Көрермендер бұл оқиғаның немен аяқталарын және мұның артында кімнің тұрғанын кейіпкермен бірге білетін болады.

Картинаны режиссер Бақтияр Сейтқазиев түсірген. Сонымен қатар, кинотаспаға қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов, екінші режиссер Бақытгүл Ниязгүл және қоюшы-суретші Рустам Мейірманов атсалысты.

«Бақсы дуасы» фильмінің трейлерін «Бродвейден» көруге болады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса