È

«Бастық боламын» сериалының екінші маусымының тұсаукесері

 «Бастық боламын» сериалының екінші маусымының тұсаукесері

Наурыз мерекесінің құрметіне «Жетінші арна» қазақстандықтарға «Бастық боламын» секриалының арнайы шығарылымын әзірлеп қойды. 22-23 наурыз күндері телекөрермендерге сериалдың екінші маусымының алғашқы сериалары көрсетіледі. Телефильм толығымен тек күзге қарай шығады.

«Бастық боламын» сериалы - актер Ерлан Қасымжанұлының режиссерлық дебюті. Ситком беделді университеттің түлегі жайлы, ол еріксізден Бүлдірген ауылы әкімінің орынбасары болады. Жаңа маусымда кейіпкер жетекшілік етудің қыр-сырын үйренеді.

Түсірушілердің айтуынша, жаңа маусым бір аптада түсірілген. Сериалдың жалғасында көрермен өздеріне таныс актерлерді көре алады, олар: Жүсіп Ақшора, Шыңғыс Әбдібек, Ерлан Қасымжанұлы және Дәнекер Оразбай. Сондай-ақ түсірілімге екінші режиссер Гүлбаршын Ергенбайқызы, қоюшы-операторлар Талғат Қалиев, Надыр Хандар және Алмас Алтай қатысты.

Телефильмнің алғашқы сериялары 22-23 наурызда 19:40-та «Жетінші арнада».

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Zhakok

21 наурыз 2017, 11:05

Класный сериал, в Казахстане развиваются сериалы в ситком жанре!

Askhat

21 наурыз 2017, 18:16

Главное что бы количество переросло в качество

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер