È

Апта тұсаукесерлері: Назарға ілігуге деген ұмтылыс

Апта тұсаукесерлері: Назарға ілігуге деген ұмтылыс

Ақпанның соңғы аптасы әртүрлі жастағы көрермендер үшін қызық болайын деп тұр. «Келинка тоже человек» отбасылық комедиясы, «Защитники» фильмі және көптен күткен картиналардың бірі «Зверопой» прокатқа шығады.

«Келинка тоже человек»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.02.2017

Елі: Қазақстан, 2017

Режиссер: Асқар Ұзабаев

Рөлдерде: Әсел Сәдуақасова, Данагүл Темірсұлатанова, Данияр Алшинов, Әбунасыр Серіков

Жанр: комедия

Картина ене мен келін арасындағы байланыс туралы мәңгілік тақырыпты қозғайды. Фильмнің басты кейіпкері күйеуінің ата-анасының үйінде бірге тұрады. Келін күнделікті енесінің ұрсысын естуге мәжбүр. Бір күні енесі мен келінінің орны ауысып кетеді. осы жағдайдан кейін біраз өзгерістер болады.

«Защитники»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.02.2017

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Сарик Андреасян

Рөлдерде: Антон Пампушный, Санжар Мәди, Алина Ланина, Себастьян Сисак, Станислав Ширин

Жанр: фантастика, боевик, шытырман оқиға

Жасына қарай шекету: 12 жасқа дейін

АҚШ пен КСРО арасындағы суық соғыс кезінде «Патриот» жобасы жүзеге асырылды. Осы жоба аясында кеңес ғалымдары адамдарға бірқатар генетикалық тәжірибелер жасады. Нәтижесінде супер адамдар тобы пайда болды. Ондаған жылдар өткен соң жоба жабылды. Бірақ бір кездері адамдардың басына қатер төнген кезде қорғаушылар көмекке келді.

«Джеки»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.02.2017

Елі: Чили, Франция және АҚШ, 2016

Режиссер: Пабло Ларраин

Рөлдерде: Натали Портман, Питер Сарсгаард, Грета Гервиг, Билли Крудап

Жанр: биография, драма

Жасына қарай шекету: 18 жасқа дейін

Жаклин Кеннеди - елдің бірінші ханымы, АҚШ президенті Джон Кеннедидің жұбайы. Ол – өз заманындағы ең танымал әйел, талғамы жоғары келіншектің өмірі жайлы ондаған кітаптар жазылған, жұбайлар руралы бірнеше фильм де түсірілген. Арада қанша уақыт өтке де осы бір ғажап әйелге деген көрерменнің қызығушылығы бәсеңдеген емес. Картинадағы оқиға оның сүйіктісін жоғалтқан кездегі трагедиялық уақыттан басталады. Жаклиннің осы бір қайғыны қалай көтергенін бүкіл әлем бақылап отырды. Бірақ сол кезде ол не сезінді?

«Зверопой»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.02.2017

Елі: АҰШ, Ұлыбритания, 2016

Режиссер: Гарт Дженнингс, Кристоф Лорделе

Рөлдерде: Мэттью МакКонахи, Риз Уизерспун, Сет МакФарлейн, Скарлетт Йоханссон, Джон Си Райли

Жанр: мультфильм, драма, комедия, отбасылық

Жасына қарай шекету: 12 жасқа дейін

Олардың әрқайсысы жұлдыз болғысы келеді. торай, өгіз, тіпті піл де атақ-даңққа бөленгісі келеді. Бірақ дарынды болу жеткілікті ме, әлде басқа да қасиеттер керек пе? Бұл сұраққа торай, өгіз, піл жауап береді.

 

«Квест»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.02.2017

Елі: АҚШ, 2017

Режиссер: Питер Дьюкс

Рөлдерде: Шон Янг, Скит Ульрих, Рэнди Уэйн, Кристин Донлон, Эшли Галлегос

Жанр: қорқынышты

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Бристе «Выход из комнаты» деп аталатын бұрын танымал болған квест бар. Алайда қорқынышты аттракцион бұрынғыдайц табыс әкелмейді, бірақ оның күтіміне біраз қаржы жұмсалады. Иинтерьер үшін басқа бір дүниені іздеп жүріп Брис антикварлық дүкенді табады. Осы жерде оның назарын аудғран бас сүйектің қаңқасы кейпіндегі қорап. Кейіпкер осы бір көне дүниенің қатер әкелетін құпиясы бар екенін білмейді.

«Автобан»

Қазақстандық тұсауккесер: 23.02.2017

Елі: Ұлыбритания, Германия

Режиссер: Эрен Криви

Рөлдерде: Николас Холт, Бен Кингсли, Фелисити Джонс

Жанр: экшн, криминал, триллер

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Кейси Штайн - өзінің құрбысымен Еуропада саяхаттап жүрген қарапайым турист. Ол өзінің мафиозды кикілжіңге қалай араласып кеткенін сезбей де қалады. Кейіпкерге қаладағы пейзажды тамашалау былай тұрсын, тірі қалу мұңға айналады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер