È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ғажайып-махаббат

Аптадағы тұсаукесерлер: Ғажайып-махаббат

Бұл аптада қазақстандық көрермендерге Канн кинофестивалі әділқазылар алқасының сыйлығына ие болған Андрей Звягинцевтың «Махаббат емес» ресейлік фильмі, «Ғажайып-әйел» суперкейіпкерлі таспасы, Дуэйн Джонсонның қатысуындағы «Малибу құтқарушылары» комедиясы және т.б. қызықты жаңа кинолар ұсынылады.

 

«Ғажап-әйел»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Пэтти Дженкинс

Рөлдерде: Галь Гадот, Крис Пайн, Робин Кайт, Дэвид Тьюлис

Жанры: қиял-ғажайып, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Салт аттылардың ханшайымы Диана сыртқы әлемнен жырақта орналасқан аралда өмір сүреді. Бір күні кейіпкер ұшақтың сынықтарын көріп, жаралы америкалық ұшқышты тауып алады. Ол аралдың шет жағында болып жатқан қауіп туралы айтып береді. Диана зұлымдықпен бетпе-бет көрісуді қалайды. Осылайша, ханшайым адамдардың ортасына түсіп, танымал суперкейіпкердің бірі атанады.

 

«Махаббат емес»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Андрей Звягинцев

Рөлдерде: Алексей Розин, Марьяна Спивак, Марина Васильева

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Оқиға айырылысудың ар жақ, бер жағында тұрған қарапайым отбасы туралы баяндалады. Ерлі-зайыптылар Женя мен Борис бір-бірін көргісі келмей, тезірек ажырасуды қалайды. Алайда, өз бастарындағы мәселені шеше жүріп, жалғыз ұлдары Алёшаның сезімін ұмытып кетеді. Ата-аналарының кезекті ұрысынан соң бала жоғалып кетеді.

 

«Спарк: Әлем батыры»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеттері: Канада, Оңтүстік Корея, 2016

Режиссері: Аарон Вудли

Рөлдерде: Джессика Бил, Хилари Суэнк, Патрик Стюарт

Жанры: мультфильм, отбасылық фильм

Жас шектеуі: шектеу жоқ

Генерал Чжун Кракенның таңғажайып күшінің арқасында бүкіл Әлемді жаулап алғысы келеді. Бірақ, генералдың жоспарына күшті маймыл Спарк пен оның достары: өжет түлкі Викс пен Чанк қарсы шығуы мүмкін. Бұл топқа ғаламшардың ең шеткі жеріне аттанып, әлемді құтқаруға тура келеді.

 

«Малибу құтқарушылары»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Сет Гордон

Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Зак Эфрон, Приянка Чопра, Памела Андерсон,

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Тынық мұхиттың қайсар құтқарушылар тобы әрдайым сақ болып жүреді. Топтың командирі Митч пен көмекшісі Мэтт екеуі жақында жағажайдың жабылатынынан хабардар болады. Оған жағажайды сатып алып, жеке пайдасына қолданғысы келген мұнай компаниясы себеп болды. Бірақ, құтқарушылар тобы оңайлықпен жағажайды бере қоймайды, сол үшін күреседі. Өйткені, олардың жұмысы - жағажайды сақтау.

 

«Дарынды қыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Марк Уэбб

Рөлдерде: Крис Эванс, Линдси Дункан, Октавия Спенсер, МакКенна Грейс

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фрэнк өзінің немере қарындасы Мэримен бірқалыпты өмір сүріп жатады. Ешкім қыздың математикалық ерекше қабілетін байқай қоймайды. Уақыт өте келе, Мэридің апасы Фрэнк екеуін айырып, оны әлемнің ең мықты мектептеріне орналастыруды көздейді. Екі кейіпкер үшін бір-бірінен жыраққа кету қиынға соғады.

 

«Капитан Подштанник: Алғашқы эпикалық фильм»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Дэвид Сорен

Рөлдерде: Эд Хелмс, Кевин Хард, Ник Кролл

Жанры: мультфильм, комедия, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Балалар қатал мектеп директорымен қалжыңдасқысы келеді. Сөйтіп, олар директорды «гипноздаймыз» деп шешеді. Алайда, барлығы ойдағыдай болмай шығады. Кенеттен директордың «альтер эго» қабілеті пайда болады. Енді ер азамат өзін әрдайым балаларға көмекке келуге дайын капитан Подштанникпін деп атайды.

 

«Французша ажырасу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеттері: Франция, Бельгия, 2017

Режиссері: Мартин Бурбулон

Рөлдерде: Лоран Лафитт, Марина Фоис, Александр Десрусу

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Винсент пен Флоранс екеуі ажырасуды қалайды. Бірақ, үш баласына қарау құқығын екеуі де алғысы келмейді. Ата-аналардың шайқасы екі жылға созылады. Бұл оқиғаның құрбандары – балалар, олар ата-аналарының естерін жиғызу үшін бар істі қолдарына алады.

 

«Су астындағы эра»

Қазақстандағы тұсаукесер: 1.06.2017

Мемлекеттері: Бельгия, Испания, АҚШ, 2017

Режиссері: Джулио Сото Гарпид

Рөлдерде: Фил ЛаМарр, Джефф Беннетт, Джесс Харнелл, Боб Берген

Жанры: мультфильм, комедия, шытырман оқиға

Жас шектеуі: шектеу жоқ

Фильмнің басты кейіпкерлері – сегізаяқ Дип, қармақшы балық Эва және сушаян Элис. Бұл үштік баспанасыз қалады да, шексіз мұхиттың кеңістігімен ары-бері жүруге мәжбүр болады. Жаңа баспана іздеп жүріп, олар теңіз жыланбалығы Мауримен танысады. Қайсар достарды қауіпті әрі ұмытылмас оқиғалар күтіп тұрады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 мамыр 2017, 21:39

Ждем, новинки этого лета с нетерпением.

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер