È

Аптадағы тұсаукесерлер: Көңіл-күйдің түсі – қызыл

31 мамырдан басталатын апта тұсаукесерлері

Көктемнің соңғы күні киномандарға тартымды Дженнифер Лоуренстің қатысуындағы «Қызыл торғай» триллерін және Морган Фриманның қатысуындағы «Елестер хикаясы» хоррорын сыйламақ. Бұл аптаға кішкентай көрермендер де риза болады. Айналымға «Қос құйрық» мультфильмі мен «Қорғаудағы төбеттер» отбасылық комедиясы шығады.

 

«Қызыл торғай»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Френсис Лоуренс

Рөлдерде: Дженнифер Лоуренс, Джоэл Эдгертон, Маттиас Шонартс, Киран Хайндс

Жанры: триллер, драма, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Доминика анасын құтқару үшін құпия қызмет жұмысына орналасуға келісім береді, ол жақта жастардан қауіпті қару дайындайды. Бұрынғы балерина құпия мекеме тарихындағы ең мықты «торғайға» айналады. Бірақ, үлкен күш пен биліктің көптеген адамдар өміріне әсер етуі мүмкін екенін де ұмытпаған жөн.

 

«Елестер хикаясы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.05.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссерлері: Джереми Дайсон, Энди Найман

Рөлдерде: Энди Найман, Морган Фриман, Алекс Лоутер, Пол Уоррен

Жанры: қорқынышты фильм, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Гудман – адам санасын зерттеумен айналысатын танымал психолог. Профессор тәжірибе ретінде ұлы күштері бар белгісіз үш адамның хикаясын зерттейді. Еркектің өзі де шиеленіскен хикаяның бір бөлігіне қалай айналғанын байқамай қалады.

 

«Жанұядан қаша алмайсың»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.05.2018

Мемлекеті: Франция, 2018

Режиссері: Дэни Бум

Рөлдерде: Дэни Бум, Лин Рено, Лоранс Арне, Валери Боннетон, Пьер Ришар

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Дизайнерлер Валентин мен Констанция суретшілерге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беретін бірнеше миллиондық келісөсзге отыруға дайындалады. Бірақ, кенеттен Валентинге бар құпиясын жайып салатын туыстары келеді. Дизайнердің мансабы енді қыл үстінде тұр.

 

«Қорғаудағы төбеттер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.05.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Раджа Госнелл

Рөлдерде: Алан Камминг, Наташа Лионн, Уилл Арнетт, Стэнли Туччи

Жанры: комедия, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Серіктесің сөйлей беретін төбет болса, одан жаман нәрсе болуы мүмкін бе? Қылмыскерлерді жіберіп алу! Элиталы иттердің көрмесін ұйымдастырумен айналысып, жасырын түрде сирек кездесетін жануарларды сататындарды әшкере қылғысы келетін детективтің ойы осындай. Серіктесі төбет Макспен бірге дәлелдер тауып, екеуі алаяқтарды әшкере қылуға тырысады.

 

«Қос құйрық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссерлері: Наталья Нилова, Виктор Азеев

Рөлдерде: Сергей Бурунов, Диомид Виноградов, Ирина Киреева

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Макс мысық пен суыр Боб мүлдем екі түрлі: біреуі шытырман оқиғалардың ортасында жүргісі келеді, ал екіншісі үйде тыныш отыруды қалайды. Алайда, екеуіне барлық жануарларды бөгде ғаламшарлық-аңшылардан құтқару керек. Кейіпкерлер қашуға, ұшып жүрген тәрелкелерге, шексіз ғаламшарға тап болады.

 

«Менің өмірім»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Алексей Луканев

Рөлдерде: Алёна Бабенко, Павел Трубинер, Анастасия Панина, Егор Леонтьев

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Басты кейіпкер арманына қарай қадам басып келеді. Бірнеше қадам жасаса, ол танымал футболшы атанбақ. Ол мақсатқа жетер жолда сүйікті қызынан, туғандары мен достарынан айырылады. Бірақ, соңында жалғыз қалатын болсаң, мақсатқа жету үшін соншама тер төгіп, күш жұмсаудың қажеті бар ма?

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер