È

Аптадағы тұсаукесерлер: Соққы қабылдауға дайын бол

21 желтоқсаннан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта көрермендерге хоррордан бастап, спорттық драмаға дейінгі түрлі киноларды ұсынбақ. Киномандар боксшы туралы «Zor» отандық драмасын, «Жаңа шыршалар» жаңажылдық комедиясын және «Фердинанд» мультфильмінен ақкөңіл бұқаны көре алады.


«Zor»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.12.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Шапағат Орынбаев

Рөлдерде: Әлішер Әскербеков, Альбина Болатқызы, Айдын Жұмахан, Адина Бажан, Еркебұлан Тоқтар

Жанры: драма, спорт

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Жас боксшы Айдын ауылдан қалаға көшіп келеді. Ол анасының ақылын тыңдап, бокспен қош айтысып, жаңа достар табуға тырысады. Кейін кейіпкер өмірі сәттілікке толы болып көрінеді. Алайда, Айдын жақындарын қорғау үшін боксқа қайта оралуға мәжбүр болады.

 

«Джуманджи: Орман шақырады»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Джейк Кэздан

Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Кевин Харт, Джек Блэк, Карен Гиллан, Риз Дэрби

Жанры: фэнтези, атыс-шабыс, комедия, шытырман

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Төрт жасөсіпірім «Джуманджи» ойнауды ұйғарады, бірақ олар қарапайым үстел ойынының өмір үшін күреске айналып кететінін сезбеген еді. Кейіпкерлер ойынды бастап, ну орманға тап болады да, ойын кейіпкерлеріне: мықты әрі күшті зерттеуші, қортық, профессор және батыр салт аттыға айналады. Достар көптеген сынақтардан өтіп, ойынды аяқтауға тырысады.

 

«Жаңа шыршалар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.12.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссерлері: Жора Крыжовников, Дмитрий Киселёв, Александр Карпиловский, Алексей Нужный, Александр Котт

Рөлдерде: Иван Ургант, Сергей Светлаков, Дмитрий Нагиев, Юлия Александрова

Жанры: комедия, мелодрама

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Екі дос Женя мен Боря жылдың ең көңілді әрі қызықты мерекесіне дайындалады. Екеуі достықтарын сақтауға тырысып жүргенде, Тюменьдегі бір жігіт орманда аман қалудың жолын қарастырады. Галя Новосибирскте сүйіктісімен бірге романтикалық кешкі асты жоспарласа, ал Хабаровсктан анасын іздеп батыл бір балақай Мәскеуге келеді.

 

«Фердинанд»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Карлос Салдана

Рөлдерде: Джон Сина, Джек Гор, Джет Юргенсмейер, Джереми Систо

Жанры: мультфильм, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Фердинанд – күші өте көп бұқа. Бірақ, ол қимылдап жүрген қатарластарынан бөлек, көк шалғында жата беруді құп көреді. Бір күні Фердинандты байқамай бұқалар жекпе-жегіне жібереді. Жағдайға қарамастан, ол өз көзқарасын сақтап, өзімен-өзі болуға тырысады.

 

«Сауық кеші»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.12.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Салли Поттер

Рөлдерде: Патришия Кларксон, Бруно Ганц, Черри Джонс, Эмили Мортимер, Киллиан Мёрфи

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Билл мен Джэнет жақын достарының арасында кішігірім сауық кешін ұйымдастырады. Кеш ойдағыдай өтіп жатыр еді, кенеттен Билл қызу талқыға айналып кететін мәлімдеме жасайды. Енді жәй ғана отырыс қанды қырғынға ұласуы мүмкін.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер