È

Апта тұсаукесерлері: Кинода кездескенше

Апта тұсаукесерлері:Кинода кездескенше

Прокатта көптен күткен «До встречи с тобой» драма. Картина жазушы ДжоДжо Мойестің романының желісі бойынша түсірілген. Махаббат туралы фильмдерді аса жақсы көрмейтіндерге акулалар, қауіпті импульс, ұлы жазушылар жайлы фильмдер ұсынылады. Шілденің алғашқы аптасындағы кинодан жақсы әсер аласыздар.

«До встречи с тобой»

Қазақстандық тұсаукесер: 07.07. 2016

Елі, АҚШ 2016

Режиссер: Теа Шэррок

Рөлдерде: Эмилия Кларк, Сэм Клафлин, Дженна Коулман, Чарльз Дэнс, Мэттью Льюис, Ванесса Кирби, Джоанна Ламли, Джанет МакТир, Стивен Пикок, Брендан Койл

Жанр: драма

Жасына қарай шектеу: 14 жасқа дейін шектеу

Луиза Кларк – отбасына көмек көрсету үшін жұмысын ауыстырудан жалықпайтын қыз. Бірде ол бай-қуатты жас банкир Уилл Трейнорға күтуші болып орналасады. Ол жігіт қайғылы жағдайдан кейін мүгедек болып қалған. Бұл жұп көптеген шытырман оқиғаларды бастан кешіріп, сынақтардан өтіп, өмірдің құндылығын түсінеді.

Режиссер Те Шэрроктың бұл алғашқы толықметражды картинасы, бұған дейін ол театрдағы қойылымдарды қойған.

«Свадебный угар»

Қазақстандық тұсаукесер: 07.07. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Джейк Зимански

Рөлдерде: Анна Кендрик, Зак Эфрон, Обри Плаза, Адам Дивайн, Стивен Рут, Элис Веттерлунд, Сэм Ричардсон

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Ағайынды Дэйв пен Майкл Гавайда тұратын әпкелерінің үйлену тойына шақырылды. Бірақ осы тойға олар кімді ертіп баратындарын білмейді. Жігіттер Желі арқылы қыздарды іздеуге кіріседі. Бір қарағанда мәдениетті болып көрінген қыздардың шындығында қандай қыздар екеніне ағайынды жігіттердің көзі жетеді.

«Полтора шпиона»

Қазақстандық тұсаукесер: 07.07. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Роусон Маршалл Тёрбер

Рөлдерде: Аарон Пол, Дуэйн Джонсон, Кевин Харт, Эми Райан, Меган Парк, Райан Хансен, Бретт Азар, Даниэль Николет, Кимберли Хоу, Слэйн

Жанр: комедия, криминал

Жасына қарай шектеу: 16 л

Ол тәтті тоқаштарды жақсы көретін, мектеп кезінде бәрі оны әзілдеп мазақтаушы еді. 20 жылдан кейін ол адам танымастай өзгеріп, анау-мынаудан қорықпайтын ЦРУ-дың супертыңшысына айналады,

Қазақстандық тұсаукескер: 07.07. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Тод «Кип» Уильямс

Рөлдерде: Сэмюэл Л. Джексон, Джон Кьюсак, Изабель Фурман, Стейси Кич, Алекс тер Авест, Гриффин Фриман, Ллойд Кауфман, Элизабет Купер, Джошуа Микель, Элизабет Давидович

Жанр: фантастика, ужасы, триллер

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Суретші Клайтон Риддел ұялы телефондардан шыққан қауіпті импульстің айналадағының бәрін құртып, адамдарды ақымаққа айналдырып жатқанының куәсі болады. Қатерден аман қалғандармен бірге Клайтон өз отбасы аман қалған деген үмітпен оларды іздеуге шығады.

«Отмель»

Қазақстандық тұсаукесер: 07.07. 2016

Елі: АҚШ 2016

Режиссер: Хауме Кольет-Серра

Рөлдерде: Блейк Лайвли, Оскар Хаэнада, Бретт Каллен, Седона Ледже

Жанр: қорқынышты фильм, триллер, драма

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Тамаша ауа-райы, тып- тыныш жағажай, шексіз теңіз. Жас қыз үшін бұл серфингпен және спортпен айналысуға таптырмайтын орын. Осы шетсіз, шексіз кеңістікте ол акуламен бетпе бет келіп, өмір үшін күресуіне тура келеді.

«Гений»

Қазақстандық тұсаукесер: 07.07. 2016

Елі: Ұлыбритания, АҚШ, 2016

Режиссер: Майкл Грандадж

Рөлдерде: Николь Кидман, Ванесса Кирби, Джуд Лоу, Гай Пирс, Лора Линни, Колин Фёрт, Доминик Уэст, Марк Арнольд, Джой Иза, Кэтерин Кингсли

Жанр: биография, драма

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Фильм жазушы Томас Вулф пен әдебиет баспашысы Макс Перкин арасындағы ғажап достық жайлы. Бұл оқиғаны өз заманында әлемге Эрнест Хемингуэй мен Франц Скотт Фицджеральд сыйлаған болатын.

 

Тақырып бойынша:

Апта тұсаукесерлері: Үлкен және мейірімді

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер