È

Аптадағы тұсаукесерлер: Белдемшелі Джеймс Бонд

27 шілдеден басталған апта тұсаукесерлері

Көрермендер осы аптада «Қопарғыш аққұба қыз» фильмі арқылы аққұба қыздардың шынайы мүмкіндіктерін, «Қауіпті азғыру» драмасынан қыздарға арналған жабық пансионат әлемін, «2pac: Аңыз» өмірбаяндық драмасынан рэпер Тупак Шакурдың шынайы өмірін көре алады.

«Қопарғыш аққұба қыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.07.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Дэвид Литч

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер, детектив

Рөлдерде: Шарлиз Терон, Джеймс МакЭвой, Билл Скарсгард, Джон Гудман, Тоби Джонс

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Агент Лоррейн Бротон құнды құжатты қайтару үшін Берлинге аттанады. Лоррейн келе салып, агент Дэвид Персивалмен бірігеді. Екеуі бірге тыңшылардың шиеленісін шешуге тырысады.

«Қауіпті азғыру»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.07.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: София Коппола

Жанры: драма, вестерн

Рөлдерде: Кирстен Данст, Николь Кидман, Эль Фаннинг, Колин Фаррелл

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Қыздарға арналған жабық пансионаттағы өмір әдеттегідей сүреңсіз өтіп жатады. Бір күні пансионат табалдырығын жұмбақ жас жігіт аттайды. Осы кезден бастап мекеменің тұрғындары сезімдеріне ерік береді.

«2pac: Аңыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.07.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Бенни Бум

Жанры: драма, өмірбаяндық фильм, музыка

Рөлдерде: Данай Джекесай Гурира, Катерина Грэхэм, Хилл Харпер, Энни Илонзе

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильм өмірмен 25 жасында қош айтысқан әлем жұлдызы Тупак Шакурдың шығармашылығы мен тағдыры туралы баяндайды. Әлемдік рэп-мәдениетте аңызға айналған геттоның қара нәсілді тұрғыны туралы шынайы хикая.

«Грейсфилд»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.07.2017

Мемлекеті: АҚШ, Канада, 2017

Режиссері: Мэттью Ратт

Жанры: қорқынышты фильм, фантастика, атыс-шабыс фильмі

Рөлдерде: Лоуренс Дофинаис, Джульетт Госселин, Лори Грэхэм, Кимберли Лаферрье, Виктор Трелье

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Үш жұп Грейсфилдтегі қала сыртында орналасқан үйге демалуға барады. Демалушылардың тыныштығын жақын жерге құлаған метеорит бұзады. Қызыққан кейіпкерлер өздерін не күтіп тұрғанын сезбестен орманға қарай бет алады.



«Аңызға айнал! Кіші Бигфут»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.07.2017

Мемлекеті: Франция, Бельгия

Режиссерлері: Джереми Дегрусон, Бен Стассен

Жанры: мультфильм, отбасылық фильм

Рөлдерде: Кэллан Брункер, Джои Камен, Джо Томас

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Адам есімді тинейджер жоғалып кеткен әкесін іздеуге кіріседі. Жәй ғана іздеудің арқасында ол бір құпияны біліп қояды. Яғни, өзінің орман қорғаушылары – бигфуттердің қанынан жаралғанын түсінеді. Адам шытырман оқиғаларға тап болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса