È

Апата тұсаукесерлері: Фантастикалық саяхат

Апата тұсаукесерлері: Фантастикалық саяхат

Тұсаукесерлік аптаны сиқырлы әрі фантастикалық деп атауға болады. Прокатқа супербатырлар туралы «Доктор Стрэндж» және «Макс Стил» фильмдері, естен кетпес шытырман оқиғалы «Тролли» мен «Синдбад. Пираты семи штормов» мультфильмдері шығады.

Фильмдердің көрсетілім кестесін «Бродвей» кинопорталының афиша айдарынан көре аласыздар.

«Доктор Стрэндж»

Қазақстандық тұсаукесер: 28.10.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Скотт Дерриксон

Рөлдерде: Бенедикт Камбербэтч, Тильда Суинтон, Мадс Миккельсен, Рэйчел МакАдамс, Скотт Эдкинс, Бенедикт Вонг, Чиветель Эджиофор, Майкл Стулбарг, Бенджамин Брэтт, Эми Ландекер

Жанр: фантастика, фэнтези, боевик, шытырман оқиға

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Стефан Стрейндж бұрын атақты хирург болған, ол өзінің жұмысын жақсы көреді және өз мамандығын жақсы меңгерген. Бірақ мұның бәрі жол апаты болғанға дейін еді, өйткені апаттан кейін оның қолынан жани кетіп қалады. Өмірінің мәнін жоғалтқан Стефан өзін емдеудің жолын іздейді. Ұзақ жылдар өткенде Стрейндж Жердің құдіретті сиқыршысымен кездеседі.

 

«Тролли»

Қазақстандық тұсаукесер: 27.10.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Ананд Такер

Рөлдерде: Джастин Тимберлейк, Анна Кендрик, Хлоя Грейс Мориц, Джейсон Шварцман

Жанр: анимация, отбаслық

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Тролльдардың өмірі - мереке мен шаттыққа толы: олар үнемі ән салады, би билейлі, құшақтасады. сплошное веселье и праздник: они танцуют, поют и постоянно обнимаются. Бірақ трольдардың бірі оның бауырларын жоятын қорқынышты берген бар екенін біледі. Ақылды тролль қауіпсіз үй салады, азық-түлікт қоырн жинайды, өзінің жауы туралы мәлеметтер жинайды. Бұл бекер болмаған екен…

 

«Синдбад. Пираты семи штормов»

Қазақстандық тұсаукесер: 27.10.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Владлен Барбэ

Рөлдерде: Катерина Шпица, Дмитрий Нагиев, Юрий Стоянов, Кирилл Нагиев, Светлана Пермякова, Алиса Вокс-Бурмистрова

Жанр: мультфильм

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Жас қарақшы Синдбад өз ісінде сәтсіздікке ұшырайды. Бір жылдың ішінде бірде-бір кемені ұстай алмады. Бірақ бір күні жолы болады: Антиох шал қазна іздей үшін қызықты саяхатқа аттанады. Тек Синдбад шалдың сиқыршы екенін білмейді, оның қазынаға қатысты өз жоспары бар. Қарақшы мен оның командасын қиын жол күтіп тұры, сол кезде олар Құбыжық пен Кесаманы кезіктіреді. Қазына сақталған аруақтар аралы қонақжай емес болып шығады.

«Макс Стил»

Қазақстандық тұсаукесер: 27.10.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Стюарт Хендлер

Рөлдерде: Бен Уинчелл, Джош Бренер, Мария Белло, Энди Гарсиа

Жанр: фантастика, боевик, шытырман оқиға

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Макс МакГрант атты 16 жастағы жас жігіт жаңа қалаға көшіп келеді, осы жерде орнығып қалмақ болады. Бірақ ол Жер бетіндегі ең күшті энергияны жасап шығарам деп ойлаған жоқ. Қазір жігіттің соңынан Стил атты өзгеғаламшарлық қалмай жүр, ол жігіттің күшіне қызығады. Бір күні олар кездесіп, Макс пен Стил екеуі бірігіп, күші тасыған супербатыр шығатынын түсінеді. Оларға көмекке Майлз Эдвардс атты ғалым келіп, оларға күштерін бақылауға үйретеді. Олар екеуі бірігіп басқа әлемнен келіп, жерге қауіп төндірген қаскөйлерден әлемді қорғайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер