È

Аптадағы тұсаукесерлер: Өзге қаланың батыры

6 қыркүйектен басталған аптадағы тұсаукесерлер

Осы апта киномандарға басты рөлді Дензел Вашингтон сомдайтын «Ұлы теңестіруші» атыс-шабыс фильмінің екінші бөлімін сыйламақ. Хоррор мен фантастика жанрын сүйетіндер де назардан тыс қалмайды. Айналымға «Мара. Түстерді жайпаушы» қорқынышты фильмі және «Күңгірт сәуле» фантастикалық триллері шықты. Апта жаңалықтары жайлы төменнен оқыңыздар.

 

«Ұлы теңестіруші 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 6.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Антуан Фукуа

Рөлдерде: Дензел Вашингтон, Педро Паскаль, Эштон Сандерс, Орсон Бин

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Роберт Маккол – өз бетінше әділдік орнатқысы келген ОББ-ның бұрынғы агенті. Әріптесі мен бұрынғы серіктесінің қайтыс болғанын естіген соң, Роберт кінәліні тауып, жазасын беруді ұйғарады. Бірақ, істі терең зерттеген сайын, кейіпкер бұл өмірде ешкімге сенуге болмайтынын түсінеді.

 

«Бір тағайындаудың сыры»

Қазақстандағы тұсаукесер: 6.09.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Авдотья Смирнова

Рөлдерде: Алексей Смирнов, Евгений Харитонов, Филипп Гуревич, Ирина Горбачева

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Кішігірім жаяу әскері полкінде қылмыс болады. Бар кінә жас жауынгерге артылады, оны ату жазасы күтіп тұр. Трибуналдан жігітті құтқаруға полкке граф Толстой келеді. Ол жауынгердің кінәсіздігін дәлелдеп, шынайы қылмыскерді табуға тырысады.

 

«Кин»

Қазақстандағы тұсаукесер: 6.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссерлары: Джонатан және Джош Бэйкерлер

Рөлдерде: Майлс Труитт, Джек Рейнор, Деннис Куэйд, Зои Кравиц

Жанры: атыс-шабыс, фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Қарапайым мектеп оқушысы ғаламшарлық қаруды тауып алады. Олжаны өзіне қалдырған балақай, арнайы агенттер мен гангстерлердің ғана емес, келімсектердің де тірі нысанасына айналады. Соғыстың неден пайда болғанын түсінбесе де, оқушы қарудың жамандардың қолына түспеуі үшін барын салады.

 

«Мара. Түстерді жайпаушы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 6.09.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Клайв Тонг

Рөлдерде: Ольга Куриленко, Хавьер Ботет, Митч Икинс, Рози Феллнер

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Кейт еркектің өлімін зерттеудің бір бөлігіне айналады. Барлық қорқыныштың куәгері құрбанның 8 жасар қызы болады. Қызбен кездескеннен кейін, Кейтті қорқынышты түстер мазалай бастайды. Кейін бойжеткен ұйықтап қалса, енді қайтадан оянбайтынын түсінеді. Енді оған ұйықтауға тыйым салынды.

 

«Пингвиндердің жұмбақ өмірі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 6.09.2018

Мемлекеті: Жапония, 2018

Режиссері: Исида Хироясу

Рөлдерде: Кана Кита, Ю Аои

Жанры: аниме, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Аояма теңізден алыс орналасқан қалада тұрады. Бір күні үйінің айналасында пингвиндер, ал қаланың шетінде үлкен теңіз сферасы пайда болады. Аояма достарымен бірге табиғи жұмбақтың шешімін табуға тырысады.

 

«Күңгірт сәуле»

Қазақстандағы тұсаукесер: 6.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дженнифер Ю

Рөлдерде: Мэнди Мур, Амандла Стенберг, Гвендолин Кристи, Брэдли Уитфорд

Жанры: триллер, фантастика

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Белгісіз бір ауру американдық балалардың көбін өлтіреді. Аман қалғандарды билік арнайы бір лагерьге жөнелтіп, тәжірибе жүргізеді. 16 жасар бір қыз лагерьден қашып кетіп, биліктен жасырынып жүрген жасөспірімдерге қосылады.

 

«Мектеп» клубы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 6.09.2018

Мемлекеттері: Канада, АҚШ, 2017

Режиссері: Кайл Райдаут

Рөлдерде: Дэниэл Доэни, Джуди Грир, Шиван Уильямс, Грейс Пак

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжетте - дарынды жасөспірім Лиам. Жоғары мектепке көшкен соң, ол өзінің жаңа қырын ашады. Алғашқы махаббат, бірінші сексуалды тәжірибе, жаңа достар, сатқындық пен түңілу – Лиаму осының барлығын басынан өткереді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер