È

Аптадағы тұсаукесерлер: Аман қалу бойынша нұсқаулық

30 тамыздан басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада киномандар «Мистико шоуы» фильмінде Венсан Кассель және «Бойдақты қалай үйлендіру керек» мелодрамасында Киану Ривз сынды жұлдыздарды үлкен экраннан көре алады. Отандық киноны жақсы көретін көрермендерді «Екі адамдық мақала» комедиялық детективінің тұсаукесері күтеді. Алайда, өкінішке қарай, жас көрермендерді қуантатын жаңа фильмдер жоқ.

 

«Екі адамдық мақала»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.08.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Дархан Сәркенов

Рөлдерде: Рысқұл Қонақбаев, Малика Елхан, Еркен Губашев, Фурхат Файзиев, Фархат Әбдірайымов

Жанры: комедия, детектив

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Абай – жаңа мақаласына тақырып таба алмай жүрген жас журналист. Атасының бұрынғы заттарын ақтарып жүріп, ол ірі қылмыстық ұйым жайлы жазылған қолжазбаны тауып алады. Атасы бастаған тергеуді аяқтау үшін Абай қауіпті оқиғаға тап болады.

 

«Бойдақты қалай үйлендіру керек»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.08.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Виктор Левин

Рөлдерде: Киану Ривз, Вайнона Райдер, Грег Люси, Тед Дубост

Жанры: мелодрама, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжетте бойдақ Фрэнк пен тартымды бойжеткен Линдси. Екеуі әуежайда танысты, кейін бір ұшақта, бір таксиде, бір қонақ үйде және бір үстелде жолығады. Бір қарағанда, екеуінің таныстығы кездейсоқтық секілді, бірақ барлығы біз ойлағандай емес екен.

 

«Гоголь. Сұмдық кек»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.08.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Егор Баранов

Рөлдерде: Александр Петров, Олег Меньшиков, Евгений Стычкин, Артем Сучков

Жанры: триллер, детектив

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жазушы Гоголь жас қыздарды өлтіріп жүрген Қара Аттыны аңдуды жалғастырады. Қанішердің кезекті құрбаны Гогольдің сүйіктісі Лиза болуы мүмкін. Жүрек қалауын өлімнен құтқару үшін жазушы нағыз зұлымдықпен бетпе бет кездеседі.

 

«Қарғыс. Мыстанның қуыршағы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.08.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2018

Режиссері: Лоуренс Фаулер

Рөлдерде: Хелен Кревел, Филип Риду, ЛайлаУоттс, Нил Хоббс

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Аделина қатты қайғырып жүр, оның жалғыз қызы жоғалып кетті. Полиция мен көршілер қызды өлдіге санайды. Бірақ, Аделина іздеуді жалғастырады. Уақыт өте келе кейіпкер барлығына ескі қуыршақтың себеп болғанын сезеді.

 

«Жануарлар ғаламшары»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.08.2018

Мемлекеті: Қытай, 2018

Режиссері: Хань Янь

Рөлдерде: Ли Ифэн, Майкл Дуглас, Цао Бинкунь, Эрик Хейз

Жанры: драма, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм кейіпкері – сайқымазақ болып жұмыс істейтін актер. Анасының денсаулығы нашарлап кеткен соң, ол жақсы төлемақы үшін құмар ойынына қатысуға мәжбүр болады. Алайда, ойын мен қатысушылар қауіпті болып шығады. Барлығы ұстанатын жалғыз ереже – өлтір, болмаса өзің өлесің.

 

«Мистико шоуы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.08.2018

Мемлекеттері: Бразилия, Португалия, Франция, 2018

Режиссері: Карлус Диегис

Рөлдерде: Венсан Кассель, Антонио де ла Крус, Мариана Шименес, Албану Жерониму

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Құрметті дәрігердің ұлы Фредерик Кипс цирк әртісіне ғашық болып қалады. Ата-анасын тыңдағысы келмеген жігіт акробат қызға үйленіп, соңғы қаржысына оған «Мистико» жылжымалы циркін сатып алып береді. Осылайша, Фредерик Бірінші, Екінші дүниежүзілік соғыстарды, Берлин қорғанының күйреуін және Адамның алғаш айға ұшқанын басынан өткерген цирк әулетінің негізін қалаушы болады.

 

Барлық киножаңалықтар кестесін афишадан көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса